Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тәулігіне төрт-ақ сағат ұйықтаған": Алматылық оқушы әлемнің 26 университетінен қалай шақырту алғаны туралы айтты

Әлемнің 26 университеттен оқуға түсуге шақырту алған дарынды оқушы Динара Қалихан  өзі қалаған Стэнфорд университетінің түлегі атанды. Бойжеткен білім алуда көп еңбектенгенін айтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Динара 8-сыныптан бастап түрлі стартап жобаларды қолға алып, қоғамға пайдалы дүниелерге баса назар аудара жүріп, көп еңбектенген. Ол шет елде жүрген студенттердің әртүрлі видеоларын көріп әлемнің ең мықты жоғарғы оқу орнында білім алуды армандаған.

Кейін осы мақсатына жету үшін тәулігіне төрт сағат қана ұйықтап жан-жақты болып, барлығына үлгеруге тырысқан.

“Ең қиыны барлығына үлгеру болды. Спортқа, музыкаға, стартап проектерге, сонымен қатар мектептегі оқуға ілесіп жүруге. Проект үшін жиналып, қонкурсқа түнгі 12-де видео түсіріп таңғы 4-5 ке дейін отырып сол дедлайнға қарай видео жіберген сәттер болды”, – дейді ару. 

Динара 10-сыныпта оқып жүрген кезінде нәрестелерге арналған ақылды орындық ойлап тапқан. Бүлдіршіннің дене қызуын өлшейтін сенсоры бар жиһаз хабарлама арқылы ата-анасына баланың жағдайын жіберіп отырады.

Жасөспірімнің осындай талабын байқаған әлемнің жоғарғы университеттері оны грантқа оқуға шақыра бастаған. Дегенмен Динара Стэнфорд университетіне түсуді армандап күткен екен.

“Стэнфортқа дейін мен де, ата-анам да келген шақыртуларға аса таңқала қоймадық. Әрине қуандық, алайда мұндай ұсыныстар күн сайын келген соң үйреніп кеттік. Ал Стэнфордтың шақыртуын соңғы болып аштым. Оны көрген кезде біз қатты қуандық”, – деп қосты ол. 

Үйдің үлкені Динара экономика және информатика мамандығын таңдаған. Ару інісі мен сіңілісінің өзіне қарап бой түзеп келе жатқандарын айтады.  Қазіргі уақытта Динара математика және бағдарламалау бойынша 200-ден астам сабақ өткізіп, аз қамтылған отбасы балаларын оқытуға көмектесіп жүр. 

Талқылау