Журналист "шетел агенттерінің" тізіліміне наразылық білдіріп, Қаржы министрлігінің алдында пикетке шықты
Журналист Айдар Елкеев Қазақстандағы "шетел агенттері" тізіліміне наразылық білдіріп, Қаржы министрлігінің ғимаратында пикетке шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Masa Media порталына сілтеме жасап.
Журналист шетелден қаржы алған тұлғалар мен ұйымдарды тіркеуге қарсылығын білдірді.
“Шетелден қаржы алған тұлғалар мен ұйымдардың тізілімін жариялауға қатысты өз ұстанымымды білдіру үшін пикетке шықтым. Мен Ресейдегідей билікке, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ-қа қарсы белсенділердің қудалағанын қаламаймын", - деді ол.
Айдар шетелдiк қаржыландыруды алатын тұлғалардың тiзiлiмiн жоюды, Қазақстаннан заңсыз ақша шығарған шенеуніктердің тізілімін жариялауды, қандай залал келтірілгенін, кінәлілердің қалай жазаланғанын көрсетуді талап етті.
“Мемлекет шетелге ақша алып кеткен шенеуніктердің тізілімін жасамайды. Меніңше, бұл ақпарат маңызды. Біз олардың қайда бара жатқанын, заңсыз экспортқа кім жауап беретінін, қалай жазаланатынын білуіміз керек. Ал есептер салық органдары мен Қазақстандағы адам құқығын қорғайтын ұйымдарға қажетсіз жүк”,- деді ол.
Сағат 11:30-да Қаржы министрлігінің өкілі келіп, журналистке өтініштері мен талаптарын Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдағанын айтты.