Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зияткерлік күні: Қазақ халқының өміріндегі даналықтың рөлі қандай?

Қазақтың даналығы қайталанбас төл тума өнерінде, мақал- мәтелінде, аңыз- әңгімелерінде, шешендік өнерінде, рухани құндылығында жатыр. Ал оның маңызын 20 наурыз – Зияткерлік күнінде тағы бір рет атап өтуге болады. Бүгінгі материалымызда осы бір күні не істеуге болатыны жайлы Jusan-мен бірге тарқатамыз. 


Этнограф Жамбыл Артықбаев Наурыз мейрамы қазақ даналығын көрсететінін мерекелердің бірі екенін айта кетті. 

“Наурыз – салт дәстүрді түгендеу емес, салт-дәстүрді тірілту. Бұл - рухани жаңғырудың үлкен бір белесі. Наурызды жай ғана атап өту немесе жай ғана өткізбеу керек. Жұртшылық Наурызға қатысты кезекті демалыс күндері ретінде қараудан арылуы тиіс. Онда оның мәнін жоғалта береміз. Наурызды тіршілікке ғашықтықтығымыздың үлкен белгісі есебінде, тіршілігіміздің негізгі өзегі есебінде, ризалық пен ризықтық есебінде ішпен, дүниетанымымызбен қабылдау керек. Біздің қазіргі жағдайымыз секілді көбінесе шартты түрде киіз үй тігіп, наурыз көже тарату міндет емес. Бұл күндері өзіңнің ой-өрісіңді дамытып, тұлғалық дамуға арнаған жөн”, – дейді ол. 

Маман қазақ даласындағы сөздің, даналықтың және білімнің күші әрдайым алтынның салмағынан пара-пар бағаланатынын сөз етті. Өйткені қазақ халқы бойындағы ілімнің арқасында рулар арасындағы дауларды шешіп, қажетсіз қақтығыстардан аулақ болып, жауды досқа айналдырған. 

Этнографтың айтуынша, қазақ даналығы халқымыздың бойындағы жоғары адами асыл қасиеттерді, асқақ рухты көрсетеді. 

“Ана сүтінің жас баланың буынын бекітіп, бұғанасын қатайтуға қандай әсері зор болса, қазақ даналығын оқу да әрбір қазақ баласының азаматтық рухының көтерілуіне зор пайдасын тигізері анық. Қазақ халқының бойындағы даналық туралы оқи отырып, ұлттың бойына сіңген дүниетанымды біле аламыз”, – дейді ол. 

Жамбыл Артықбаев бүгінде өзіміз өмір-тіршілігімізде қолданылатын таным түсінігіміздің түп тамыры тереңде екенін сезген сайын тарихымызға, ұлттық философиямызға деген құмарлық арта түскенін айтады. 

“Қазақ халқында "Өзің білме, білгеннің тілін алма" деген сөз қарғыстың ең жаманы саналады. Дүниенің, өмірдің және өз табиғатының сырын танып, білу үшін адам баласы оқу-білімге ұмтылады, ғылымға ден қойып, логикаға, методологияға сүйенеді. Сол себепті де даналық көбінесе білімділікпен, оқымыстылықпен байланыстырылады. Бірақ даналық білім аясында шектеліп қалмауы тиіс. Қазақтардың ауызша халық шығармашылығы көбінесе тарихи оқиғалар негізінде құрылған батырлық аңыздармен, лирикалық-эпикалық поэмалармен, аңыздармен ұсынылған. Олар халықтың тағдырын, оның даналығын, айналасындағы әлемге деген көзқарасын көрсетеді. Қазақ фольклоры бірегей, оған қырықтан астам жанрлық түр кіреді, олардың басым бөлігі тек қана қазақ ауыз халық шығармашылығына тән”, – дейді Жамбыл Артықбаев. 

Сондықтан, 20 наурыз – Зияткерлік күнінде мұның барлығын еске алып, дәріптеуге ерекше мән беріледі.  

Бұл күні дала тұрғындары балаларын мәдениеттің бастауларымен таныстырып, олардың халықтық дәстүрлерге деген қызығушылығы мен құрметін арттыруға, мақал-мәтелдердің тікелей және ауыспалы мағынасын түсінуге, ең бастысы оларды әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге үйреткен. Ал бүгін осы күні біз қазақстандықтарға ауызша әдебиет дәстүрлерімен танысуды, жаңа мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді үйренуді, шығармашылық белсенділік пен креативті ойлауды және әрине сөздік қорын дамытуды ұсынамыз. Сонымен қатар бұл күні даналықтың қайнар көзі – кітапханаға баруға кеңес береміз. 
Зияткерлік күніне Jusan Bank өзінің әлеуметтік білім беру жобаларын қорытындылайды. Jusan Bank-тің ерекшелігі – қаржы институтының соңғы бенефициары НЗМ және Назарбаев Университетінің білім беру жүйесі. Бұл банк бизнесінен түсетін кіріс еліміздегі  сапалы білімді дамытуға, ең бастысы оны қоғамдағы статусы мен материалдық жағдайына қарамастан баршаға қолжетімді етуге аударылады деген сөз. 

Соның бірі –  қазақстандықтардың ең сүйікті жобасына айналған "Кел, балалар, оқылық" бастамасы. Банктің қолдауымен жобаның бірінші бөлімі аясында режиссер Қуаныш Бейсек Алматы облысындағы Кіші Жаланаш пен Тоғызбұлақ ауылында тұратын 60 жасөспірімді режиссерлікке, операторлыққа және актерлік шеберлікке баулыды. "Кел, балалар, оқу" жобасының мақсаты – өскелең ұрпақтың арманына қол жеткізуге, жаңа шығармашылық тұстарын ашуға, таланттарын шыңдап, ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік беру.  Мастер-класс нәтижесінде жас режиссерлер, операторлар және актерлер рэп орындаушысы, әнші Yenlik-ке арнап клип түсірді. Түсірілім тобы қатысқан клип пен деректі фильмнің көрсетілімінде банк басшысы осындай бастамалардың маңыздылығын және білім беру саласындағы жобаларды қолдауға дайын екендігін атап өтті.

"Балалардың эмоцияларын, олардың жанып тұрған көздерін, мотивациясын көргенде дұрыс жұмыс істеп жатқанымызды түсінемін. Бұл жай ғана мастер-класс немесе оқу курсы емес. Біз бұл балалардың тағдырына белгілі бір дәрежеде әсер еттік деп ойлаймын. Олардың өздеріне деген сенімі оянды. Еңбекқорлықтарын танытып, жаңа білім алуға тырысса қалаған нәрсеге қол жеткізуге болатынына көз жеткізді",- деді Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов.

Жобаның екінші бөлімі "Кел, балалар, оқылық 2" деген атпен Таразда өтті. Jusan Bank қолдауымен өткізілген білім беру жобасы аясында балалар режиссер Қуаныш Бейсекпен көлеңкелі театр өнерін үйренді. Финалда балалар Zheka-ға клип түсірді. Сондай-ақ екі шеберлік сабағының нәтижелері бойынша деректі фильмдер түсірілді. Ал жобаның үшінші бөлімі Павлодар облысында өтті. 
Jusan Bank "Кел, балалар, оқылық" жобасымен шектеліп қалмады. Балалармен жұмыс жасау ұйым қызметкерлерін шабыттандырғаны соншалық, компания мамандары осыған ұқсас жобаны ұйымдастыруға шешім қабылдады. Бірақ ол IT және бағдарламалау тіліне арналды. Осылайша Auyl.Go жобасы өмірге келді. Қазіргі уақытта банктің IT-мамандары өңірлерде балаларға арналған үш шеберлік сабағы өткізді. 

Сонымен қатар, Қазақстанда Jusan Singularity жобасы аясында оқушылар мен студенттерге арналған түрлі шеберлік сыныптары, курстар мен тренингтер үнемі өткізіліп тұрады. Дәл қазір болашақ бағдарламалаушылар Computer Science курсынан өтіп жатыр. 20 наурызда Java, Android Kotlin және iOS Swift курстары басталды. Айта кетейік, 2022 жылы банк оқытқан 150 IT-маман Jusan Singularity бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ Jusan мобильді қосымшасындағы Jusan Invest бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде қаржы сауаттылығы пен инвестициялау бойынша тегін онлайн сабақтар қолжетімді екенін ескерген жөн.

Келесі материалда Ұлттық  тағамдар күні туралы, Наурыз мерекесінде бай дастарханның мән-маңызы мен оған не қою керегін айтып береміз.