Бір жасар қыздың миынан егізінің ұрығы анықталды
Қытайлық хирургтар бір жасар қыздың миынан егізінің ұрығын алып тастады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Қыздың ата-анасы баланың басы үлкейіп, моторикамен қиындықтары пайда болғанын байқап, ауруханаға апарады. Нәтижесінде оның миында 10 см-лік ұрық бар екені анықталды.
Дәрігерлердің айтуынша, ұрық өсіп, аяқ-қолдары мен сүйегі, тіпті тырнақтары өскен. Бұл ұрық қан айналым жүйесі мен қыздың қан айналым жүйесінің бірігуіне байланысты болуы мүмкін.
Медицинада “ұрық ішінде ұрық” деген термин бар. Бір ұрық екіншісінің денесінде өседі. Әлемде 200-дей осындай жағдай орын алған. Ұрық ауыз қуысы, жамбас, ішек жолдарында анықталады. Осы уақытқа дейін 18 адамның миында егіз ұрық табылды. Нәрестелерден бөлек, тіпті ересек болған кезде де бұл анықталып жатады.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді