Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде енді жер учаскілерін электронды форматта сатып алуға болады

Қазақстанда бұдан былай жер учаскілерін электронды форматта сатып алуға болады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

жер

Сатылымға шығарылған жерлер туралы ақпарат тұрғындардың барлығына ашық әрі қолжетімді болады.

Халыққа бос және рәсімделген жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпарат жинақталған бірыңғай кадастр әзірленді. Онда барлық ақпараттар қолжетімді. Тұрғындар сатып алғысы келетін жер телімінің қайда орналасқанын, елді-мекеннің бас жоспарын және ол жерге қандай коммуникациялардың тартылғанын ашық қарай алады.

Енді жерді сатып алу үшін енді әкімдікке барудың қажеті жоқ. Бірыңғай кадастрдың жария картасын пайдаланып, электрондық үкімет порталы арқылы жергілікті атқарушы органға өтініш беруге мүмкіндік болады.

“Аукциондар жарияланған кезде көптеген кәсіпкерлерден шағымдар келіп түсетін. “Біз көрген жоқпыз”, “Жерді өзара рәсімдеп алды” деген сияқты шағымдар түсіп жатады. Бұдан былай ақпарат барлығына бірдей белгілі болады. Мысалы Қазақстанның қай жерінде қандай жер беріліп жатқанын кез келген адам жария кадрастрлық картада біле алады”, – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі комитетінің төраға орынбасары Айнұр Юсупова.

Талқылау