Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті аруларына көктемгі бал ұйымдастырды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Серік Сәпиев атындағы Қарағанды ​​бокс орталығында өткен көктемгі балға "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің 45 сұлу арулары мен "Құрылысмет" ЖШС қатысты.

8 наурыз қарсаңында жыл сайынғы дәстүрге сәйкес өзінің ауыр жұмысында орасан зор тәжірибесі бар тұлғалар "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директорының алғыс хаттарымен марапатталады.

Биылғы жылы марапаттау рәсімін ерекше ету туралы шешім қабылданды. Көмір өнеркәсібі қызметкерлерін жай ғана концерт емес, тосын сыйларға толы бір күн күтті.

Салтанатты шараға қатысушылар үшін мереке таңмен басталды. Балға дайындық сұлулық салонына барудан басталды. Онда барлық қатысушыларға кәсіби макияж бен мерекелік сәндеу жұмыстары ұсынылды.

Тосынсыйлар мұнымен бітпей, көмір өнеркәсібінің сұлулары лимузинмен көктемгі бал өтетін орынға әкелінді.

Баллдың ашылуындағы қатысушылардың би тобының сүйемелдеуімен көрсетілген шеруінен кейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директоры Владимир Яблонский жиналғандарға құттықтау сөз сөйледі.

“Бұл бәріміз асыға күтетін, жылы да жарқын мереке.Әйелдер қауымын әрқашан қуанышпен құттықтаймыз. Қазіргі өмірде әйелдердің қоғамдағы рөлін бағалау керек. Олар барлық дерлік мамандықтарды, тіпті ер адамдардың жұмыстарына дейін оңай игере алады. Барлық спорт түрлерін меңгеріп, қоғамдық өмірге белсене араласады, саясатта көрнекті, елеулі орындарды иеленуде. "АрселорМиттал Теміртау" теңдік саясатын ұстанатын болады. "АрселорМиттал Теміртаудың" барлық бөлімшелерінде он мыңнан астам әйел жұмыс істейді. Бұл шамамен компанияның 30%-ын құрайды. Біз әйелдердің өндіріс пен басқарудағы рөлін кеңейтуді жалғастырамыз. Компанияға қажет өзгерістерді көбіне әйелдер әкеліп жатады. Сондықтан олардың орны барлығында баға жетпес. Осы тұста ер азаматтарыңыз, әсіресе қауіпсіздік мәселесінде, әрқашан жаныңызда болып, көңіліңізді қалдырмасын. Тек күлімдеп, мейірімдеріңізді шашып, әрқашан жақсы көңіл-күйде жүре беріңіздер”,- деді бас директор.

Бас директордың қолынан алғыс хаттарды "Абайская" шахтасының сорғы қондырғысының машинисі Ирина Баруцкая, Инна Москвина және Наталья Палкина алды.
“Құрметті де қымбатты ханымдар, көктемнің осы тамаша мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бақыт, сұлулық, нәзіктік тілеймін. Көктемнің шуағы жүректеріңізге жылулық, жақсы көңіл-күй мен қуаныш сыйласын”,-  деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Аруларды құттықтауға Көмір департаментінің директоры Сергей Огай, Көмір департаментінің техникалық директоры Андрей Белый, "Қорғау" көміршілер кәсіподағы төрағасының орынбасары Айбек Тойбеков, сондай-ақ көмір департаментіне қарасты мекеме, кәсіпорын басшылары келді. 

“Құрметті қыз-келіншектер! Көктемнің алғашқы мерекесінде әрқашан жақсы көңіл-күй, мықты денсаулық пен күшті болуларыңызды тілеймін. Себебі жұмыс ауысымынан соң үйдің қамын жасайсыздар. Кейін қайта жұмыс бар. Сондықтан мықтылық пен әрқашан жайнап жүре беріңіздер. Сіздер біздің сәулемізсіздер!”- "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің директоры Сергей Огай.

Көмір департаменті қызметкерлерінің балалары тақпақ айтып, залдағы әйелдерге гүл шоқтарын тарту етті. Бағдарламаның ең ерекше қонағы "Kilimanjaro" шоу тобы қызу өнер көрсетті. Олар би алаңын жарқыратып көрермендердің ешқайсысы өз орындарында қалмай қосылып биледі. Мереке қатысушыларының айтуынша, олар бұл күнді ұзақ уақыт есте сақтайды.

“Мені шақырғанда қатты таң қалдым. Себебі Күлше қыз секілді ғажайып балда болу күтпеген жағдай. Мұндай кештер жиі бола бермейді. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз! Мен машина жасау саласында жұмыс істеймін. Бөлшектердің сызбаларын әзірлеймін”,- деп бөлісті "Құрылысмет" ЖШС қосалқы бөлшектерін шығару бөлімінің инженер-конструкторы Наталья Михайлива. 

Жұмыс істегеніне 30 жыл болған Қарағанды ​​жүк тиеу-көлік басқармасының станок-слесарь жұмыстарының жетекшісі Ирина Хорошилова да таңданысын жасырмады.

“Жұмыс орнымда барлығы дерлік ер адамдар. Олар менің бүгінгі өзгерісімді көрсе танымай қалатын еді. Мен тепловоздарға қызмет көрсетемін, өлшем аламын. Жұмыс қызық, бірақ жауап пен еңбекті талап етеді. Мұндай мерекеге алғаш рет қатысуым кішкене қобалжыдым, бірақ өкінбеймін! Барлық әйелдерді құттықтаймын. Бақыт, денсаулық тілеймін. Ерлер қауымы тек осы күнде ғана емес, аруларды әрқашан көбірек қуантып жүре берсін. Барлығына махаббат, сұлулық және көктемгі көңіл-күй тілеймін!”,- деп қосты ол.

Талқылау