Ақтөбеде жүк көлігі мен пойыз соқтығысты
Самара-Шымкент тасжолындағы теміржол өткелінде пойыз бен жеңіл көлік тиеген жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Самара-Шымкент тасжолындағы оқиға бүгін сағат 15:50-де тіркелді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, "Жазық" теміржол өткелінде бірнеше жеңіл көлік тиеген жүк көлігінің жүргізушісі пойызбен соқтығысты.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, автокөлік жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналына тоқтамаған. Сөйтіп пойызға соқтығысқан. Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қазір жол-көлік оқиғасының нақты себебі анықталып жатыр", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Е.Сарқұлов.
Жүк тиеген көлікте барлығы 4 жеңіл көлік болған. Оның төртеуі жарамсыз күйге түссе, өзгесі бүлінбеген.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ