Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдіктердің Қазақстанға кіріп-шығуы қиындайды: Министрлік себептерін айтты

Ішкі істер министрлігі заңнамаға "визаранды" алып тастайтын өзгерістерді неліктен енгізгенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

27 қаңтарда Қазақстанда шетелдіктердің елге келуінің және болуының жаңа ережелері күшіне енді. Енді Қазақстанға визасыз келген шетелдіктер 180 күндік бір күнтізбелік кезең ішінде елде заңды түрде 30 күн, жалпы алғанда 90 күнге дейін бола алады. Қазақстанға келген ЕАЭО елдерінің азаматтары болса елде 90 күн, бірақ 180 күндік бір күнтізбелік кезеңде ғана бола алады. Алдыңғы қаулының нұсқасында алты ай тұруға шектеулер болмаған.

"Себебі қарапайым. "Визаран" шетелдіктердің біздің көші-қон заңнамасын сақтауы үшін алынып тасталды. Қазақстанда ұзақ уақыт тұрып, бір жерде жұмыс істейді, олар бұл жақта жай ғана жүрген жоқ. Елімізде ұзақ тұру үшін біздің өзіміздің шарттарымыз бар, ол үшін уақытша тұруға рұқсат алу қажет. Осы ережелерден қашу үшін олар осыған дейін кетіп-келіп жүрді", – деп нақтылады ІІМ баспасөз қызметі.

"Визаранды" жоюдың негіздері көші-қон туралы заңның 6-бабында көрсетілген.

Талқылау