Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жыл бұрын Астанада жоғалып кеткен жігіт Қостанайдан табылды

Қостанайда полицейлер бір жыл бұрын Астанада жоғалып кеткен 23 жастағы жігітті тауып, отбасына қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың 21 қаңтарында түс ауа жас жігіт елордадағы үйінен шығып кетіп, оралмаған.  Жоғалған жігіттің әпкесі полицияға хабарласқан.  Оны іздеуге Астана полициясының жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу ісі қозғалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған адамның болуы мүмкін жерлерін тексеріп, оны соңғы рет көрген адамдардан сұхбат алды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде Қостанайда аспаз болып жұмыс істеп, жалдамалы пәтерде тұрған елорда тұрғыны табылды.

Жас жігіт құмар ойында ұтылған ақшаға қарыз болып үйден кеткенін түсіндірді.  Анықталғандай, жігіт үйден бірінші рет шығып жатқан жоқ және ойынға құмар.  Қазіргі уақытта астаналық туыстарының қасында, олар ризашылықтарын білдіріп, кейін Алматы облысының полиция қызметкерлеріне жүгінді.

"Мен тергеушілер Ерболат Жанұзақов пен Айдар Қалиевке қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Осы уақыт бойы полицейлер жиенімді іздеуді тоқтатпай, оны отбасына қайтарды", - деп бөлісті жігіттің ағасы.

Талқылау