Қазақстандықтар үшін келесі жылдан бастап шетелге ұшу арзандайды
Келесі жылдан бастап қазақстандықтарға шетелге баратын ұшақ билеттері арзандайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы индустрия министрлігі мәлімдеді. Жауапты ведомство шетелдік лоукостерлерді тарту арқылы билет бағасын төмендетуді жоспарлап отыр.
Қазір министрлік ірі шетелдік лоукостерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ нақты қайсы екенін министр Өскенбаев жасырып қалды. Яғни шетелге қатынайтын үлкен ұшақтар Қазақстан жерінде аялдап, жолаушыларды алып кетеді.
Ондай билет арзан болады дейді жауаптылар. Отандастардың Түркия мен Еуропаның кейбір елдеріне қиналмай ұшуы көп күттірмей, келесі жылы басталмақ.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”