Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ethnotronica Almaty фестивалі өтті

Алматыдағы Республика Сарайының алдында The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі өтті. Фестивальге мегаполистің 10 мың тұрғыны мен қонағы келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шараның мақсаты – этникалық музыкалық мұраны ілгерілету, сапалы, жанды дыбысты дәріптеу, қазақстандықтар мен елімізге келген шетелдіктерді Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру.

Ethnotronica Almaty - бұл технология мен музыка тоғысында құрылған шоу. Оған сондай-ақ World music жанрының өкілдері Жомбор Фехер (Венгрия), Радик Тюлюш (Тыва), Чылтыс Таннагашева (тау Шориясы), Simi триосы (Грузия), Abbos топтары (Өзбекстан), Steppe Sons (Қазақстан) сияқты жарқын орындаушылары мен ұжымдары, қазақстандық электрон сахна әртістері: Нариман Исенов AlmaLogic жобасымен, Kokonja, Edige, Ruus және Layla-Qobyz (Қазақстан) жеке музыканттары, Nuketai және Айжан Бектұрған (Қазақстан) өнер көрсетті. 

Музыкалық бағдарлама фестиваль үшін арнайы жасалады және этника мотивтері электрон дыбыспен үйлесетін XXI ғасырдың дыбысын ұсынады. Заманауи музыка тілі мен технология бір-бірін байытып, бір-біріне әсер етеді. Музыканттарды іздеу жаңа гаджеттер мен функционалдылықтың пайда болуына әкеледі, ал технология музыканы жаңа жолмен жасауға мүмкіндік береді.

Фестивальді Қазақстандық музыканттар ашты. Steppe sons тобы қазақстандық Edige диджейімен бірлесіп өнер көрсетеді.

Steppe Sons – заманауи-этно-джаз ұжымы. Топтың композициялары қазақ халық аспаптарын қолдану арқылы тек жанды дауыcпен айтылады. Музыканттардың мақсаты фольклорлық аспаптардың шынайы таза дыбысын насихаттау. Олардың орындауындағы туындылар қазақ халық аспаптарының шынайы даусын сақтай отырып, орындалады. 

Этнотроника жанры не екенін толығырақ Ethnotronica Almaty бас продюсері Жан Қастеев айтып берді. 

"Жаңашылдық пен дәстүр синтезі жаңа жанрды тудырады, біз оны "этнотроника" деген техногендік атау ретінде анықтадық. Әрине, бұл жанрды өзіміз ойлап тапқан жоқпыз, ол дүние жүзінде бұрыннан бар. Ол өз қалпымен өмір сүре береді және әр ұрпақ оны өзінің музыкалық стилінде қалыптастырады. The Spirit of Tengri аясында қалуға мүмкіндік болған болса да, бұл бізге не үшін керек? Бұрыннан осындай іс-шараны, атап айтқанда dance-шоу ұйымдастырғымыз келді. Бізде музыканттардан басқа Грузия, Украина, Өзбекстаннан би топтары келеді.

Біздің аймақ, Орта Азия ғана емес, сонымен бірге барлық посткеңестік елдер - бұл музыкалық тұрғыдан terra incognita түрі. Әлемдік нарықта біз белгілі бір музыкалық аспапты немесе шығарманы ұсынудың дәстүрлі нұсқасымен немесе танымал музыканы дәстүрлі элементтермен микс жасау арқылы танылдық. Бірақ қазір бұл нарық ішінде де, шетелде де танымал емес. Ethnotronica Almaty-да біз музыкалық материалдың көрсетілімін бүкіл әлемде, барлық шоу-кейсте, dance-алаңдарда, фестивальдарда және т.б. дәл осы нұсқада көрсеткіміз келеді. Осыдан кейін бізді байқайды деп үміттенеміз".

Музыканттардың қойылымы real-time режимінде LED-дисплейлерде, сондай-ақ, онлайн платформаларда тікелей эфирде көрсетілді. Керемет жарық пен музыкалық қойылымның мақсаты - Қазақстан халқы мен қонақтарын Ұлы Дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық-мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестивальға әлемнің 80-нен аса елінен жүздеген танымал музыкант пен топ қатысқан. 120 мыңнан аса адам оны тамашалаған.

Ұйымдастырушылар The Spirit of Tengri келесі көктемде Алматыда болатынына уәде береді.

Талқылау