"Жалаңаш жыныс мүшесімен үйкелеген": Алматыда автобустардың бірінде ер адам қыздарға азғындық әрекет жасаған
Желіде Алматыдағы автобустардың бірінде ер адамның қыздарға азғындық әрекет жасағаны жайлы дерек пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видео авторының айтуынша, ол жігітті 20-маршрутта екі рет кездестірген. Осы кезде ер адам жан-жағына қарап қойып, әйел жолаушылардың қасына барып жыныс мүшесін үйкелеген. Жасырын түсірілім кезінде оның мұны жалаңаш жыныс мүшесімен жасағаны белгілі болды.
Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.
“Бұл факт бойынша полицияға өтініш келіп түспегені анықталды. Бірақ қазіргі уақытта Алмалы ауданының полиция басқармасы сигналды тіркеп, тергеу жұмыстарын бастады. Жедел іс-шаралар кешені өткізілетін болады. Оның нәтижелері бойынша азаматтың міндетті түрде кім екені анықталып, іс-әрекеттеріне баға берілген соң заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады”, – делінген хабарламада.
Талқылау

"Екі күйеу жігіттің де есімі – Нұрсұлтан": Алматылық әпкелі-сіңлі бір күнде ұзатылып, ерекше той жасады
Сіңлім “Нұрсұлтан танысып қой, бұл Нұрсұлтан” деп таныстырды

Әлеуметтік желілерге тыйым салынуы, премьердің отставкасы: Непалда "Z ұрпақ" үкіметті не себепті құлатты
Саясаттанушы наразылықтың "Z ұрпақ төңкерісі” деп аталу себебін түсіндірді