Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Путинді дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Хатта екі елдің дипломатиялық байланысы ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетіні атап өтілген.

"Соңғы онжылдықтарда екі мемлекет достық пен тату көршіліктің берік байланыстарына, ортақ тарихи және рухани құндылықтарға негізделген шынайы одақтас стратегиялық серіктестік қатынастарын құрды. Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының заманауи келбетіне Ресей мемлекетінің басшысы ретінде сіздің орасан зор үлесіңіз тиді", - делінген құттықтауда.

Тоқаев Ресей Қазақстанның сенімді сауда-экономикалық серіктесі, еліміздің экономикасының жетекші инвесторларының бірі екенін атап өтті. 

STAN.KZ
Жексенбі, 23 Қазан, 2022 08:48
Талқылау