Қазақстан шекарасынан 20 ауған азаматы заңсыз өтіп кеткен
Қазақстан шекарасынан Ауғанстан азаматтарын заңсыз өткізу фактісі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК Шекара қызметі Орта Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын ұсынған шетелдік азаматты 1,5 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшаны алу кезінде ұстады.
"Жүргізілген тінту нәтижесінде бірнеше қазақстандық ұйымның мөрлері, 20 ауғандық төлқұжат, туу туралы куәліктер мен ҚР азаматтығы мен елде тұруға ықтияр хат алуға, тіркелуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар алынды", - делінген хабарламада.
Аталған факт қылмыстық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 394-бабы 1-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша тіркелді. Ұсталған адам Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"