Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құны 5 миллиард теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Қазақстанның бірнеше облысында заңсыз алынған жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Жер

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің айтуынша, жерді мақсаттан тыс пайдаланғаны және оларды заңсыз бергені үшін прокурорлар 109,5 мың гектар жерді қайтару бойынша актілер енгізіліп, 5 млрд теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Мынадай жерлер қайтарылды:

Қостанай облысында Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жергілікті аудандық атқарушы органы өкілеттігі жоқ (тек облыстық деңгейдегі құзыреті) АҚ-на кадастрлық құны 12 млн теңге болатын 1 мың гектар жер берген. Сонымен қатар, аталған учаскеде АҚ жүргізген жұмыс барысында Су кодексінің 5-бабы бойынша (Су объектілерін тиімді пайдалану қағидасын бұза отырып, Кіші Таңат көлі құрғатылған) бұзушылықтарға жол берілген. Нәтижесінде аталған АҚ-ға құны 140 миллион доллардан болатын 7 миллион тоннадан астам кен өндіруге берілген экологиялық рұқсат кері алынды;

Екібастұз қаласында – кадастрлық құны 102 млн.теңге жалпы алаңы 15,3 мың га пайдаланылмайтын жер учаскелері;

Ақмола облысының Қосшы қаласында – 2005 жылы заңнаманы бұза отырып, тендерлік рәсімдерді сақтамай ЖШС пайдасына сатылған кадастрлық құны 600 млн.теңгеден астам 20 га жер учаскесі;

Жамбыл облысы Сарысу ауданында кадастрлық құны 336 млн.теңге құрайтын 60 000 га жер учаскесі бұрын ЖШС-не тиісті өтініш пен жерге орналастыру жобасын ұсынбай заңсыз берілген. Мемлекет меншігіне қайтарылды;

Алматы облысында кадастрлық құны 140 млн теңгені құрайтын, заңсыз берілген немесе мақсаты бойынша пайдаланылмаған 16 мың гектар жерді мемлекетке қайтару бойынша бес қадағалау актісі енгізілді. Бұл жерлердің бір бөлігі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалатын аймағында орналасқан.

Талқылау