Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығы қайтыс болғандарды жұмысқа алған

Павлодар қалалық жұмыспен қамту орталығында анонимді шағым бойынша жүргізілген тексеру барысында олардың қайтыс болған адамдарды жұмысқа орналастырғаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құрамына әкімдіктің төрт маманы мен қалалық мәслихаттың екі депутаты кірген қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева бастаған комиссия анонимді хатта көрсетілген уәждерді ішінара растады.

Жұмыспен қамту орталығында жоспарлы көрсеткіштерді асыра бағалау мақсатында азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру фактілері анықталды. Оның үстіне, олардың арасында орталық жұмысқа орналасқан деп танылған төрт адам табылды, олардың қайтыс болғанына көп болған. Олардың біреуі 17 жыл бұрын қайтыс болған.

Құжаттардың жалғандығы да анықталды. Мәселен, өткен жылдың қыркүйегінде азаматқа орталықта бағдарламашы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқаны туралы анықтама берілді, дегенмен бұл қызметте мүлде басқа адам жұмыс істеді, ол әлі күнге дейін сол қызметте.

Тексеру қорытындысы бойынша әкімдік орталыққа негізсіз төленген қаражатты өтеуді, ал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына жұмыспен қамту бөлімінің директоры лауазымына сәйкестігі мәселесін қарауды тапсырды. 

Құзыреттілігіне сәйкес тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Талқылау