Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда "қаңтар" оқиғалары жайлы фильм түсірілмек

Қазақстанның спорт және мәдениет министрі Дәурен Абаев Қазақстанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев туралы фильм түсірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кантарСурет: aikyn.kz

Министрдің пікірінше, қазіргі мемлекет басшысының саяси қызметі, сондай-ақ оның қаңтар оқиғасы кезіндегі шешімдері режиссерлердің назарына лайық.

"Бұл қандай фильм болатыны әзірге белгісіз. Бірақ Қазақстанның барлық саяси өмірі, қаңтардағы оқиға фильм түрінде шығуы тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлының саясаты мен шешімдері бұған лайық", - деді Мәдениет министрлігінің басшысы.

Бұған дейін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар кинематография және мәдениет мәселелері бойынша заң жобасын түзетулерді мақұлдады. Заң жобасы Қазақстанда және шетелде әлеуметтік маңызы бар, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді регламенттеуді көздейді.

Заң жобасы мыналарды көздейді:

- "Кинематография туралы" заң нормаларын іске асыру кезінде бірыңғай құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету үшін жаңа дефинициялар енгізу;

- кинематография саласында мемлекеттік қаржылық қолдау алу үшін кинематографиялық қызмет субъектілері шеңберін кеңейту;

- Қазақстанға әкелінетін шетелдік балалардың анимациялық фильмдері мен отбасылық көру үшін фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды мемлекеттік қолдау, сондай-ақ осындай фильмдерді дубляждау үшін іріктеу критерийлері мен тәртібі айқындалған;

- ұлттық фильмдерді шығаруға бөлінетін қаражатты бөлудің жаңа тәсілдері: 70% - тарихи, патриоттық және имидждік, 30% - жеке киножобаларды, оның ішінде дебюттік фильмдерді қаржыландыру;

-ұлттық фильмдерді шығару кезінде қалыптасатын сахналық-қойылым құралдарын сақтау және пайдалану тәртібін реттеу;

- Қазақстан Республикасының аумағын фильмдер үшін түсіру алаңы ретінде пайдалану кезінде кинематография саласында субсидиялар алуға үміткер халықаралық кинематографиялық ұйымдар үшін талаптарды оңайлату;

- Фильмдердің мемлекеттік қорын айқындау және оны сақтау тәсілдерін өзгерту.

Мәжіліс заң жобасын мақұлдады және оны сенаттың қарауына жіберді.

Талқылау