Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс төрағасы Нұр-Сұлтанға Астана атауын қайтару ұсынысына қатысты пікір білдірді

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов елордаға Астана атауын қайтару ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Елорданың атауын өзгерту мәселесіне тоқталсақ, бұл бастама біздің депутаттардың, депутаттық топтың ұсынысы болып отыр. Бірнеше жыл бұрын елорданың атауын өзгерткеннен бастап қоғамның ішінде пікірталас әлі де толастамады. Сондықтан халық арасында түрлі пікір бар. Соның көбісі бұрынғы атауын қайтаруға қатысты", - деді Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол депутаттар халық үніне құлақ асу қажет деген пайыммен елорданың бұрынғы атауын қайтару мәселесін көтергенін айтты.

"Енді, алда қандай шешім болатынын күтейік", - деді Мәжіліс төрағасы.

Еске сала кетсек, мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин “Жаңа Қазақстан” депутаттық тобының атынан Астана атауын қайтаруға шақырған болатын. 

Талқылау