Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қауіпті селфи": Сарқырама маңында суретке түспек болған отбасы суға батып кетті

Үндістанда Чхаттисгархтағы Рамдаха сарқырамасында абайсызда суға құлап кеткен туыстарын құтқармақ болған отбасы мүшелерінің жартысы суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror-ге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 28 тамызда орын алған. Бір отбасының 15 адамы серуендеу үшін сарқырамаға келген. 14 жасар Шрадда Сингх үлкен әпкесімен бірге сарқыраманың басында қауіпті селфи жасағысы келген, бірақ тепе-теңдігін жоғалтып, құлап кеткен, ал қыздың абайсыздығы әпкесінің өлімімен аяқталды.

Қыздарға бірінші болып көмектескен немере ағасы және оның әйелі қол ұстасып, апа-сіңлілерді тауып алып, судан шығаруға тырысқан. Сәлден соң отбасының тағы екі мүшесі де көмекке ұмтылыпты. Куәгерлердің айтуынша, тек немере ағасының әйелін ғана құтқару мүмкін болыпты. Қалғандары суға батып кеткен.

Сол күні кешке үш адамның мәйіті табылды, ал келесі күні тағы үш отбасы мүшесі судан шығарылды. 

Талқылау