Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге жолдаған жеделхатында Сычуань провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген құрбандар мен зардап шеккендердің хабарына қатты өкінетінін жазды.

"Осы қиын сәтте қазаның қайғысымен бөлісе отырып, барша қазақстандықтардың атынан және жеке өз атымнан сізге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Қытай халқына шын жүректен көңіл айтамын. Табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуі және хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуын тілейміз", –  делінген мемлекет басшысының жеделхатында.

Қытайдың Сычуань провинциясында 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі шамамен 21 миллион халқы бар Чэнду қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 226 шақырым жерде орналасқан Лудинг таулы аймағында болды. Шамамен 65 адам жер сілкінісінің құрбаны болды.

Талқылау