Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Катер әйелге қарай ұшқан: Ертіс өзенінде әйелдің денесі екі күннен бері іздестіріліп жатыр

Павлодарда құтқарушылар Ертісте катер қаққаннан кейін суға батып кеткен әйелді іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі, қайғылы оқиға өткен сенбіде Ямайка жеке жағажайында болған. Куәгерлердің айтуынша, катер 40 жастағы әйелді қаққаннан кейін ауыр соққыдан су астына кеткен. 

Іздеуге екі жүзу құралымен бес құтқарушы атсалысуда. 

Сондай-ақ Павлодар облысында Кенжекөл ауылының маңында суға батып кеткен 27 жастағы балықшының денесі іздестірілуде.

Талқылау