Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлы Абайдың туған күні ақынның туған жерінде кеңінен аталып өтті

"Абайды ардақтау – оның дүниетанымдық қағидаларын ұстану, өсиетіне адал болу деген сөз",  – деген Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күнін мерекелеудің мақсаты мен форматын айқындап берген болатын. Елімізде Абай күні 2020 жылдан бастап, жыл сайын 10 тамызда атап өтіледі. Биыл алғаш рет ұлы ағартушы, реформатор, ойшыл және ақынның отаны бұл күнді жаңа мәртебеде қарсы алып отыр. Бұл туралы Абай облысының мәдениет басқармасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

1845 жылдың 10 тамызында Қазақ халқының ұлы ақыны дүниеге келген. Міне, осы күн Абай күні ретінде Қазақстанда екі жыл қатарынан тойланып келеді. 

“Мәселе мерейтойда емес – тұғырлы тұлғаның туын­ды­ларынан терең тәлім алуда. Абай­дың рухына тағзым ету – оның қағи­датын ұстану, аманатына адал болу. Сонда ғана жас ұрпақтың сана­сына қастерлі құндылықтарды сіңі­реміз”, – деген болатын мемлекет басшысы “Абай – рухани реформатор” мақаласында. 

Ұлы ақынның туған жері биыл мерекені жаңа мәртебеде қарсы алады. Бұны болған шаралардың ауқымынан байқауға болады. 

"Биыл біз мұқият дайындалдық. Абайға арналған онкүндік өткіздік. Бұл шараға Абай облысының барлық қалалары мен аудандары қатысты. Іс-шаралар концерттер мен фестивальдармен шектелмейді. Біздің басты міндетіміз – жерлестерімізді, осы өлкеден шыққан тумаларды ұлы бабамыздың мүсіні мен оның рухани мұрасының айналасына біріктіру. Ең бастысы, жастарды Абай Құнанбаевтың шығармашылығына, философиясына баулу, оны зерттеуге деген қызығушылықтарын ояту. Өйткені, Абай өте терең тұлға, оның шығармалары барлық уақытта да өзекті, сондықтан зерттеушілер үшін бұл бағыттағы жұмыстар аз емес", –  деп есептейді Абай облысы мәдениет басқармасының ресми өкілі Айдар Ибраев.

Спикердің айтуынша, бұл күннің маңызды оқиғасы жерлестер форумы болған. Ұлы дала ақынның жерінде бұрын-соңды осында тұрып, жұмыс істеген немесе қазір Семейде және оған жақын аудандарда өз қызметін жалғастырып жүрген адамдар жиналды.

Келушілер Абайдың құрметіне аталған мәдени нысандармен, мұражаймен, театрмен танысуға мүмкіндік алды, сондай-ақ "Арена" мәдени-спорт кешенінде болып, облыс басшылығымен кездесті.

Мереке соңында Семей қаласының Абай атындағы театрында Қазақстан жұлдыздарының қатысуымен "Ұлы дала-Ұлы Абай" гала-концерті өтті.

Талқылау