"Реал" УЕФА Суперкубогін бесінші рет жеңіп алды
Мадридтік "Реал" UEFA Суперкубогының жеңімпазы атанды. Корольдік клуб германиялық "Айнтрахттан" 2:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Финляндия астанасында өткен финалда "корольдік" клуб Германияның "Айнтрахтын" негізгі уақытта 2:0 есебімен ұтты. "Бланкос" сапында Давид Алаба 37 минутта есеп ашса, үзілістен кейін Карим Бензема (65 минут) испаниялықтардың екінші голын салды.
Осылайша 120 жылдық тарихы бар Мадридтің "Реалы" өз тарихында аталмыш кубокті бесінші рет иеленіп отыр. Осыған дейін 2002, 2014, 2016, 2017 жылдары жеңген болатын.
Енді Карло Анчелотти ойыншылары Испания біріншілігіне дайындалады. Ла Лиганың алғашқы туры 15 тамыз күні "Альмерия" клубына қарсы өтеді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн