"Канелоны" жеңген Биволдың келесі қарсыласы анықталды
Жартылай ауыр салмақтағы WBA Super нұсқасы бойынша ресейлік чемпион Дмитрий Бивол мексикалық Гилберто Рамиреспен жұдырықтасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы боксшының менеджері Вадим Корниловқа сілтеме жасаған инсайдер Стив Ким хабарлады.
Matchroom Boxing промоутері және жетекшісі Эдди Хирн ресейлік спортшыға басқа қарсылас тауып беруге тырысқан. vRINGe.com сайтының хабарлауынша, Биволға британиялық Джошуа Буатсимен жұдырықтасу ұсынылған.
Тағы бір танымал спорт шолушысы Майк Коппингер дәл осындай салмақ санатындағы IBF/WBC/WBO белбеулерінің иегері ресейлік Артур Бетербиевтің жақын арада IBF бойынша міндетті қарсыласын алуы әбден мүмкін екенін хабарлайды.
Бұған дейін Бивол орта салмақтағы чемпион Сауль "Канело" Альваресті ұпай санымен жеңгенін және жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді