AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Яндекс" жүргізушісі қазақша амандасқаны үшін Алматы тұрғынының заттарын лақтырып, көліктен түсіріп кеткен

 Яндекс таксиінің жүргізушісі қазақша амандасқаны үшін Алматы тұрғынының ар-намысына тиетін бейәдеп сөздер айтып, таксиден түсіріп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Ұлпан Құрайысова бұл туралы өзінің Facebook парақшасында мәлімдеген. 

“Бірнеше сағат бұрын өрескел жағдай орын алды. Мені қазақша амандасқаным үшін кәмелетке толмаған қызыммен бірге Яндекс таксиінің жүргізушісі аузына келген бейәдеп сөздерін айтып, көліктен түісіріп кетті. Ол автомобильден менің барлық пакеттерімді лақытырып тастады. Мен шынымен таңғалып тұрмын. Яндекс қызметін пайдаланып жүрген төрт жылымда мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Қолдау қызметіне шағымданғанымда тек 1 500 теңге бонус беріп, құтылып кетуге тырысты. Бірақ мұндай қорлық осындай ақшаға тұрарлық па?! Яндекс қызметінен қоңырау шалып, қажетті шаралар қолданылатынын айтты. Бірақ мені бұл “жазалау шаралары” қанағаттандырмайды. Сіздер мұны дұрыс деп ойлайсыздар ма?”, – деп жазған ол. 

Бұдан кейін әйел сол араға 102  қызметін шақыртып, хаттама толтырған. 

“Бүгін біз онымен полиция ғимаратында бетпе-бет кездестік. Яндекс жүргізушісі өзінің іс-әрекетін соңына дейін мойындамады. Полиция өкілдері бізді “ортақ келісімге” келіп, "жүргізушінің кешірім сұрауын” ұсынды. Сайып келгенде, жүргізуші кінәні ішінара мойындады, атап айтсам менің заттарымды көліктен лақтырып жібергенін айтты, бірақ боқтық сөздермен ар-намысыма тигенін мойындамады. Әрине, мен кешірімін қабылдамадым. Нәтижесінде 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын қосып беремін. Себебі, менде видео-дәлел болмаған соң, істі сотқа беру мүмкін емес. Полиграф тек қылмыстық істерге қатысты қолданылады, өкінішке орай”, – дейді Ұлпан Құрайысова. 

Құрайысова полиция қызметкерлерінің ҚР Заңнамасы бойынша өз тарапынан барлық мүмкіндікті жасағандықтан, енді әрі қарай жоғарыдағы  органдар мен Үкімет аппаратына өз қызметтерін ұсынатын барлық таксопарктер мен жүргізушілерді видеотіркегіштермен жабдықтау туралы заң немесе түзету қабылдауды талап ететінін айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр