Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Колумбияда коррида кезінде стадион құлап, бірнеше адам көз жұмды (видео)

Колумбияның батысында орналасқан Толима штатындағы Эль-Эспинал стадионының бір бөлігі құлап, төрт адам көз жұмды. Сондай-ақ 30-ға жуық адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап. 

"Қазіргі уақытта бізде төрт адамның құрбан болғаны расталды. Екі әйел, бір ер адам және кәмелетке толмаған жасөспірім. Сондай-ақ 30-ға жуық адам ауыр жарақат алды", - деді губернатор Рикардо Ороско BluRadio Colombia жергілікті радиосында.

Колумбия президенті Густаво Петро жариялаған видеодан стадионда коррида өткізіліп жатқанда (бұқамен жекпе-жек – авт) көрермендерге толы мінбердің құлағанын көруге болады. 

Эль-Эспиналь қаласының мэрі Хуан Карлос Тамайо жаралылардың ауруханаларға жеткізілгенін айтты.

Жағдайдың ресми себебі әлі аталмады. Тамайо мәлімдемесінде билік оқиғаның себептерін тергеуді бастағанын айтты.

 

Талқылау