AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл ісіме қатты өкінемін": Алматыда 78 адам өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

Алматы қаласының 78 тұрғыны өмір бойына көлік жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, анықтау басқармасы бір жарым жыл ішінде ҚР ҚК-нің 346-бабы 1 және 2-бөліктерінде көзделген қылмыс белгілері бойынша 66 қылмыстық істі тергеп, сотқа жолдаған.

"Сот шешімімен 78 жүргізуші өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, оларға 1 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын өтеудің нақты мерзімі тағайындалды. Қазіргі таңда 8 қылмыстық іс сот тергеуінде", – деді Алматы қалалық анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.



Ұсталған жүргізушілер арасында қылмысын бірнеше мәрте қайталғандар да бар. Солардың бірі – А. есімді азамат. Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажына Байтұрсынұлы мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында ұсталды. Наркологиялық сараптама көрсеткендей, жүргізуші орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болды.

"Алғаш рет көлік жүргізу құқығынан 2017 жылы айырылдым, рөлге мас күйде отырдым. Жаза мерзімі біткен жоқ. 2020 жылы тағы да мас күйде ұсталдым. Сол кезде мен ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылдым және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылдым. Бірақ өткен күні мені тағы да тоқтатты, тағы масаң күйде болдым. Бұл ісіме қатты өкінемін", –  деді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр