"Дене шынықтыру бойынша емтиханды ауызша тапсырдық": Қорытынды емтихан кезіндегі ақылға сыймайтын сұрақтар Алматы студенттерінің ашуын туғызды
Алматы инновациялық техникалық колледжінің студенттері дене шынықтыру пәнінің емтиханында норматив тапсырмай, сұрақтарға жауап беретін көрінеді. Тіпті оның ішінен "Ресей Федерациясының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасының негізгі ережелерін атаңыз" деген сұрақ табылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” басылымына сілтеме жасап.
Колледж студенттерінің айтуынша, оқу орнында спортзалдың барына қарамастан олар жыл бойы бірде бір рет ішіне кірмеген. Дене шынықтыру сабағы тек бір ғана кабинетте дойбы ойнап отырумен өтеді екен.
“Біз кабинет ішінде тек дойбы ойнап отыратынбыз. Дене шынықтыру емтиханына бір апта қалғанда бізге әрқайсысы үш сұрақтан тұратын 25 билет берілді. Жауаптарын өзіміз табуымыз керек. Бірақ одан кейін емтиханға бір күн қалғанда мұғалім сұрақтардың жауабын бізге берді. Ал ол жерде 126 бет бар! Әрине, дайындалуға біз үлгермейміз. Грантта оқитын веб-дизайнерлердің үшінші курсқа дейін жетіп кенеттен дене шынықтыру емтиханынан құлап, стипендияларынан айырылуы, шынымен ұят болар еді. Оның үстіне мамандық бойынша арнайы оқытылатын пән емес”, – дейді атын атамауды сұраған студенттер.
“Бұл тапсырмалар бойынша сендерге сабақ өтілді ме” деген сұраққа студенттер “жоқ, өткен жоқпыз” деп жауап берді.
“Біз берген сұрақтарға қатысты, тіпті бұрын конспектте жазбағанбыз. Карантинге байланысты онлайн оқыған кезде бір-екі рет қана оқытқан. Емтихан форматы туралы білгенде, біз таң қалдық. Бірақ шу шығармай, солай болуы керек шығар деп қабылдадық”, – дейді олар.
Айта кету керек, дене шынықтыру сабағынан өткен емтиханға колледж студенттері спорттық формада емес, ақ көйлек пен шалбар киіп келген. Әр билетте болған үш сұраққа, ауызша жауап беру керек.
Кейбір сұрақтарда студенттер нақты сандарды білуі тиіс болған. Мысалы, "дене жаттығуларын орындау кезінде импульстік режим қандай болуы керек?” делінген. Ал кейбір тапсырмалар тарих сабағындағы сұрақтардан кем түспейтінін аңғарамыз. Мәселен, "Олимпиада ойындарының тарихы және олардың маңызы туралы айту” деген тапсырмаға жауап беру үшін біршама уақыт кетері анық.
Кейбір сұрақтар тіпті медициналық студенттерге арналған ба дерсің. "Дене шынықтыру жаттығулары адамның жүрек-тамыр жүйесіне қалай әсер етеді?", "Дене жаттығуларымен айналысқанда жарақат алып, қан кету жағдайлары тіркелсе зардап шегушіге қандай алғашқы көмек көрсету қажет? Практика жүзінде көрсетіңіз” делініпті.
Алайда ең жөнсіз тарсырмалардың бірі "Ресей Федерациясының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасының негізгі ережелерін атаңыз" сұрағы екенін байқаймыз.
Бұл Қазақстанда тұратын студенттерге не үшін қажет екені түсініксіз.
Осы жағдайдың қаншалықты дұрыс екенін анықтау үшін Stan.kz Алматы білім басқармасынан пікір сұраған еді. Олардың мәліметінше, білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгерімін бақылауды және аралық аттестаттауды өткізудің нысандарын және тәртібін дербес таңдайды.
“Білім алушылардың үлгеріміне педагог оқу материалының мақсатын, мазмұнын ескере отырып, өзі бақылау жүргізіп, анықтайды. Дене шынықтыру пәні бойынша білім алушылар соңғы сабақтарда нормативтер тапсырады, ал емтихан ауызша түрде пәннің теориясына сәйкес өткізіледі. Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қорытынды баға оқу нәтижелері бойынша рейтингтен және емтиханда алған бағадан құралады.
Мұнда емтиханның үлес салмағы 40%-ды құрайды. Бұл сұрақ бекітілген емтихан билеттерінде жоқ. Мүмкін фотосуретте бекітілмеген билеттер мен сұрақтар көрсетілген”, – дейді білім басқармасынан.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
