Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда колонияның төрт қызметкері отырған көлік аударылып қалды

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында түрме қызметкерлері отырған көлік аударылып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха ауданының орталығындағы Вокзальная көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінің маңында Toyota автокөлігі жыраға құлап, аударылып қалған. Оның ішінде Половинка ауылындағы ОВ 156/6 мекемесінің төрт қызметкері болған. 

"Мекеме қызметкерлері жұмыстан тыс уақытта жол апатына ұшырады. Жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан артқы орындықтағы 31 жастағы жолаушы қаза болды. Жарақат алған үш адам Шемонаиха орталық аудандық ауруханасына жеткізілді", – делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр. Департамент басшылығы мен ұжымы, Қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлер кеңесі марқұмның отбасының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

STAN.KZ
Сейсенбі, 31 Мамыр, 2022 21:52
Талқылау