AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялауға қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі өкілі Қытай түрмесінде өмір бойы жазасын өтеп жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.  

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беру мәселесі пысықталып жатыр.

"Қазір екі елдің бас прокуратурасы арасында жаза мерзімін одан әрі өтеу үшін оны Қазақстанға беру мүмкіндігіне қатысты тиісті жұмыстар жалғасып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі. 

Қазақстандық дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста.

"Ол ағылшын және қытай тілдерін үйреніп жатыр. Денсаулығына қатысты шағым жоқ, көңіл күйі қалыпты", - делінген СІМ хабарламасында.

Бұған дейін заңгер, Sezimtal қоғамдық қорының құрылтайшысы Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқын Тұрлыбайдың туған жеріне оралуының оңтайлы мүмкіндігі туып тұрғанын жазған болатын. 

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Алматыдан Қытайға, Гуанчжоуға аттанған. Бұл сапарға шығуға қызды арасында Нигерия азаматтары болған достары итермелеген. Олар Ақжарқыннан фирмалық киімдерді Гуанчжоудан Малайзияға салып жіберуге қолқа салған. Бірақ Гуанчжоудан кеткен бойда қыз ұсталып, оның чемоданынан есірткі табылады.

Тұрлыбайдың айтуынша, ол чемоданның ішінде не бар екенін білмеген. Нигериялық есірткінің заңсыз айналымын ұйымдастырушы А.Н. сол күйі ұсталмаған, ал оның сыбайласы Ақжарқын Тұрлыбайға қарсы куәлік бермеген.

2019 жылдың соңында Гуанчжоуда Тұрлыбайға қатысты үкім шығып, сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кеседі.

Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасында сотталғандарды отанына жіберу туралы келісім болғанын еске салған болатын. Сол заңның аясында қызды үйіне қайтаруға мүмкіндік тумақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр