Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

Сот Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды. Қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 21 маусымына дейін ұзартылды", - деп түсіндірді Алматы сотының баспасөз қызметі.

22 сәуірде Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын Алматы прокуратурасы ресми түрде растады.

Тергеу соты Құдайбергенді бұл әрекетті саралау туралы ұйғарым шығарылғанға дейін 30 тәулікке қамауда ұстауға санкция берді.



Мамыр айының басында Алматы қаласы мәслихаты депутатының адвокаттары оның қамауға алуына қарсы шағым түсірмек болған. Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Құдайбергенді қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды, адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмады.

Прокуратураның мәліметінше, Құдайбергенді 21 сәуір күні арнайы прокурорлар бастаған ведомствоаралық тергеу-жедел тобы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталған.

Талқылау