AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мерзімді әскери қызметтен өткендерге ЖОО-ларда оқу үшін квота бөлінбек

Мерзімді әскери қызметтен өткендерге Қазақстан ЖОО-ларында квота бөлу жоспарлануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Білім және ғылым министрі Қорғаныс министрімен бірге мектептерде әскери-патриоттық тәрбие беру, еліміздің әскери жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау және әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселелерін талқылады. 

“Еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жастарды алғашқы әскери даярлықтан өткізу және офицерлер даярлау – ол ортақ міндет. Ал осы бағытта біздің министрлік өте маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты біз мынадай ұсыныстарды қолға алдық. Мерзімді әскери қызметті өткерудің тартымдылығын арттыру үшін біз әскери борышын өтеген университет және "Кадет" сыныбын бітірген түлектер грант алу үшін 5% квота бөлуді ұсындық. Бұл жыл сайын 3 000-нан астам грант”, – дейді білім министрі Асхат Аймағамбетов. 

Айтуынша, университет түлектері әскери қызметтен өткен жағдайда грантты 3 жыл бойы өтеу мерзімінен босатылады.

“Қазір мемлекет есебінен оқығандардың барлығына оны өтеу талабы қойылатынын еске сала кетейін. Бұл оқуға түсушілерді ынталандырып, әскери қызметке деген қызығушылықты арттырады деп ойлаймын”, – деп жазды министр Facebook парақшасында. 



Сондай-ақ, ол әскери қызметте немесе бітімгершілік және басқа да арнайы операцияларға қатысып, қаза тапқан әскери қызметшілердің балаларына университеттерде оқуға гранттар беру туралы норманы енгізуді ұсынып отырғанын секе салды. 

“Мерзімді әскери қызметін өтеп жүргендердің білім алуына қатысты. Қазір олардың әскери қызметті өткеруіне байланысты білім алуға мүмкіндіктері көп емес. Сол себепті олар үшін жаппай онлайн курстар ашуды жоспарлап отырмыз. Біз сондай-ақ сарбаздардың оқу нәтижелерін қайта тексеруге және қысқа мерзімді курстардан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырып, оларға жұмысшы мамандығын алғаны туралы диплом беруге дайынбыз”, – дейді Аймағамбетов. 

Бұнымен қоса министрлік тағы бір маңызды бастама көтерген – кейбір әскери бөлімдерде колледждер ашу. Осы мәселе бойынша талдау жүргізіліп, нақты шешім қабылданады.

“Университеттердегі әскери кафедраларды оңтайландырып, қайта қарауды ұсынамыз. Бізді олардың жұмысының сапасы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алаңдатады. Студенттерге нашар білім беріп, сапаны көтеруді ойламайтын әскери кафедраларды жабу қажет деп санаймыз. Сондай-ақ әскери кафедралардың барлық қызметкерін қайта аттестациядан өткізу керек. Оқуға қабылдаудың нақты, ашық және шынайы ережелерін қабылдаған дұрыс. Сонымен бірге мемлекеттік тапсырыстың құнын арттыру қажет”, – деп жазды министр. 

Сонымен қатар кадет сыныптарының түлектеріне әскери-техникалық бағыттағы ЖОО-ларға қабылдау кезінде квота қарастыру ұсынылған.

“Жалпы НҚА-да кадет сыныптарының жұмысы регламенттеледі. Қазір елімізде жалпы білім беретін мектептердің кадет сыныптарында 22 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Оқу бағдарламалары, ынталандыру пакеттері және басқа да мәселелер Қорғаныс министрлігімен бірлесіп шешіледі”, – дейді министр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр