"Медбикенің кінәсі": Оралда бала вакцина алғаннан кейін өлім аузынан қалды
Лунара Заришева ұлы Демирдің өмірі үшін жеті жылға жуық уақыт бойы күресіп келеді. Үш айда балаға екінші профилактикалық КДС (көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасы) егілген. Осыдан сәттен бастап Заришевтер отбасының өмірі түбегейлі шыға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Уральская неделя порталына сілтеме жасап.
Өйткені вакцинадан кейін Демирдің осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан құрысуы басталған. Балаға дәрігерлер эпилепсия диагнозын қойған.
Демирдің анасы Лунара Заришева екінші вакцинацияға ұлымен бірге ауруханаға жоспарланғандай келгенін айтты.
“Менің балам сау, мықты болып дүниеге келді. Демир КДС алғашқы егуін өте жақсы өткізді. Екінші вакцина күні 2015 жылдың 24 қарашасына түсті. Алдын ала ем-шара кабинетіне кіріп, медбикеден мен келгенше вакцина салмай тұра тұруларын сұрадым. Алдымен күртешемді гардеробқа апарып тастамақ болдым", – дейді Лунара.
Айтуынша, бірнеше минуттың ішінде қайтып келгенде, ол процедуралық кабинетте не болып жатқанын түсінбей дал болған.
“Демир айқайлап жылап жатты, денесі бүгіліп, құрысып қалған. Мен осы уақытта Демирдің жылағаны мен сұрақтарыма назар аудармастан ұялы телефонмен тыныш сөйлесіп отырған медбикеге ашуландым. Оның менсіз вакцина жасағаны ашуыма тиді. Одан неге мені күтпегенін, балам неге айқайлап, құрысып жатқанын сұрадым. Бірақ ешқандай да жауап естімедім", — деп еске алады Лунара.
Сол кезде кабинетте ұлын біраз тыныштандырғанын, бірақ оның денесінің құрысуы бәрібір жалғасқанын айтады. Алайда оларды үйге жіберіп, егер құрысуы тоқтамаса, жедел жәрдем шақыруға кеңес береді.
“Бір рет жедел жәрдем шақырдым, дәрігерлер келді. Бірақ сол кезде Демирдің денесінің құрысуы аздап басылған. Дәрігерлер баламның құрысып жатқан кезін көрмеді. Егер денесі қайтадан құрыса бастаса, қайтадан шақыртуларын сұрады. Олар кетісімен баламның құрысуы қайтадан басталды. Бұл жолы өте қатты болды. Тіпті дене қызуы көтеріліп кетті. Мен тағы да жедел жәрдем шақырдым, бізді балалар ауруханасына алып кетті. Ауруханада Демир тыныс алу аппаратына қосылды. Денесінің құрысуы тоқтаған жоқ, – дейді Лунара.
Әйел бұрынғы күндер мен түндерін қорқынышпен есіне алады, сау туған баласының неге мұндай күйге түскенін түсіне алар емес.
“Сол кезде мен жынданатын шығармын деп ойладым. Алайда баламның өмірі үшін күресу ең маңызды шешім екенін түсіндім, және бұл ой маған әлі күнге дейін күш береді", — дейді Демирдің анасы.
Лунара 42 жаста, күйеуі, Демир, 10 жасар қызы және 15 жастағы жиенімен бірге жалдамалы пәтерде тұрады.
Облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер Демир Заришевке "эпилепсия" диагнозын қойған. Өйткені баланың денесінің құрысуы әлі күнге дейін жалғасуда.
2016 жылдың қаңтарында бала Нұр-Сұлтанда емделу курсынан өтті.
Лунара Заришеваның айтуынша, Нұр-Сұлтанда емделу кезінде дәрігерлер Демирдің эпилепсиясының тұқым қуалайтын белгілері жоқ екенін анықтағаннан кейін, олар КДС екпесі осындай әсер етуі мүмкін деп болжаған.
Сот даулары
Оралға оралғаннан кейін Лунара ұлына екпе салған емхана мен медбикені сотқа беру туралы шешім қабылдады.
“Мен баламды өз қолыммен сап-сау күйінде вакциналауға апардым. Осыдан соң сот процестері, тексерулер, прокуратураға өтініштер, облыстық денсаулық сақтау басқармасына бітпейтін сапарымыз басталды. Олар менен қашқақтай болды. Бірақ мен тоқтамайтынымды, ақырында әділеттілікке қол жеткізетінімді айттым. Өйткені мен сау бала дүниеге әкелдім. Бірінші сотта олар мені кінәлі еткісі келді. Жүктілік кезінде бақылап, ауырып, емделмеген деді… Карталарымды емхана және перзентханадан сұратқанымда қандай да бір себептермен жоғалып кетті. Себебін су тасқыны болған кезде жоғалып кетті деп түсіндірді. Бірақ карталарымның көшірмелері табылды. Онда жүктілік кезінде және оған дейін менің денсаулығым қалыпты болды деп анық жазылған", — деді ол.
Нәтижесінде, сот талқылауы аяқталғаннан кейін баланың физикалық денсаулығы КДС вакцинасы енгізілгеннен кейін өзгергені анықталды. Вакцина жасаған медбикені сот кінәлі деп тапты, өйткені енгізілген препараттың нұсқауларға сәйкес жасалмағаны дәлелденді.
“Бұл жас қызды сот өмір бойы медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырды. Ол сотта маған әрең дегенде "кешіріңіз" деді. Ата-анасы бірнеше рет келіп, кешірім сұрады. Бірақ мен олармен сөйлескім келмей, келмеулерін өтіндім. Баламды дәрігерлер алты айдан аса ғана уақыт өмір сүреді деген еді. Алайда біз оның денсаулығы үшін әлі күресіп келеміз", — дейді Лунара.
Кез келген мүмкіндік, үміт береді
Бүгінде Демир Заришев 7 жаста. Оның физикалық дамуы 6-7 жастағы бала сияқты, бірақ ол өздігінен жүре алмайды, кейбір дыбыстарды айта бастаған.
“Мен баламнан бас тартқым келмейді, біз қазірдің өзінде көп нәрсе жасадық. Ұлымның аяғымен қалай жүретінін және мені ана деп атайтынын көрсем деймін. Дәрігерлер қазір бұл диагноз қойылған науқастың тірі екенін білгенде таңғалады, оның ерекше бала екенін бірден байқамайсыз. Осы уақыт ішінде күйеуім екеуміз баламызға көмектесу үшін барлық мүмкіндікті қалт жібермедік. Бізде де, Демирде де нәтижелер бар. Біз әрі қарай да алға жылжимыз. Иә, бізге қаржы жағы өте қиын. Мен қазір жұмыс істемеймін, өйткені Демир өсіп келеді, оған күтім жасау керек. Бізде екі "Камаз" көлігі болған, күйеуім жүк тасымалдаумен айналысатын. Алайда оларды сатуға мәжбүр болдық, өйткені Демирді емдеуге ақша керек болды", — деді Лунара Заришева.
Жеті жыл ішінде алғаш рет Лунара Демирге қаржылық көмекке мұқтаж. Бала Мәскеу клиникаларының бірінде емделе бастады. Бейжай қарамайтын адамдардың қолдауының арқасында Демир Заришев осы жылдың сәуір айында Мәскеуге алғашқы емделуге барды.
Демирдің анасының айтуынша, Мәскеуге емделуге 1,5 жыл бойы ай сайын бару керек.
Әр барғанда үш дәрігердің қабылдауына кіреді. Әрқайсысының құны – 80 мың рубль.
Демир Заришев жүргісі, қозғалғысы келеді, ата-анасы да баласының жазылғанын армандайды.
Егер сіз Демирге көмектескіңіз келсе осы Kaspi Gold картасына аударым жасай аласыз:
Лунара Заришева, Демирдің анасы— 7 777 497 5627