Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімізді жарылқап алайық": Шығыс Қазақстан тұрғындары Қытайға газ сатуды тоқтатуды талап етті

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында газ мәселесі ушықты. Бүгін өңір халқы билік өкілдеріне көгілдір отынның Қытайға тасымалдануын тоқтату туралы талап қойды. Өйткені тұрғындар газ қоры таусылып қала ма деп алаңдайды. Биыл Қытайға газ тасымалы толық тоқтаған еді. Алайда он күн бұрын экспорт қайта жанданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Зайсандағы мәдениет үйіне халық жиналып,  Қытайға газ экспортын тоқтату мәселесін талқылады. Олардың айтуларынша, онсыз да қалған қор көп емес. Кем дегенде, 9 жылға жететін ғана мөлшер бар. Жиналғандар көгілдір отынмен қамтамасыз ететін елді мекендер өзімізде де жетеді деп отыр. 

“Ауылдарға неге бермеске, ішіміз ашитыны, алдымен өзімізді жарылқап алуымыз керек, өз ауданымызды, көрші Тарбағатай бар, Күршім, Аягөз, Семей бар, бәрі түтінге қамалып көмір жағып отыр”, – дейді Зайсан ауданының тұрғыны Дәулетбек Мұхиянов. 

Шығыстағы газ өндіретін жалғыз учаске осы Сарыбұлақ кен орнында мамырдың басына дейін 3,5 миллиард текше метр газ өндіріліпті. Қалған қор 1,5 миллиард текше метр ғана. Өндірілген газдың 95 процентен астамы Қытай еліне өткен. Ал жергілікті тұрғындар газ игерілген 8 жылдың ішінде оның жалпы 100 миллион текше метрін ғана қолданған.

Жыл басында газ экспорты толық тоқтатылған болатын. Бірақ оны өндіріп келген Тарбағатай Мұнай компаниясы, үкіметтен тағы 150 миллион текше метрді Қытайға экспорттауға рұқсат сұраған. Министрлік оған сұрағанының тең жартысын берді. Сөйтіп жақында қалған газ қайтадан экспорттала бастады. Газ өндіру компаниясының басшылығы бұл шара шығынымызды жауып, қарызымызды өтеу үшін қажет деп отыр. 

“Бізге өзіміздің жұмыстарды жалғастыруға қажет, мәселен, қандай жұмстар үшін? Мәселен, ең бірінші газды өндіру жұмысын жалғастыруға, операциялық шығындар үшін керек”, – дейді "Тарбағатай Мұнай" ЖШС бас директорының орынбасары Арман Құлжанов. 

Жиналғандар жекеменшік компания өз жыртығын өзі жамасын, енді көрші елге бір текше метр газ өтпесін деп талаптарын ашық айтты. Сөйтіп, экспорттың дәл бүгін тоқтатылуын сұрады. Жиынға қатысқан​ энергетика министрлігінің өкілі мен мен атқарушы билік жұрттың ұсынысына құлақ түрді. Газ экспорты​ уақытша тоқтатылатын болды. 

“Министрлік тарапынан 3 бағытта жұмыс істеп жатырмыз +05.22.02 бірінші бағыт қазір Ресей тарапымен жүріп жатыр, Ресей тарапынан келіссөздер бастадық. +22.41 Екінші бағыт Сарыарқа құбыры салынып болды. Нұрсұлтанға жетті. Қазіргі уақытта Теміртау, Павлодар, Өскеменге тартуға есептеулер жүргізіліп жатыр +22.54 үшінші бағыт сұйытылған табиғи газ деген бар”, – дейді энергетика министрінің орынбасары Асхат Қасенов. 

Енді жергілікті жерден құрылған комиссия жұмыс істеп, ары қарай экспорт мәселесін, бір жақты шешетін болады. Жалпы Зайсанның ішінде де маңайында да газға қосылмаған нысандар жетеді. Басқасын айтпағанда, көгілдір отын әлі жоспардағы 8 ауылға тартылған жоқ. 

Талқылау