AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан тұрғыны лотереядан пәтер ұтып алды

"Сәтті Жұлдыздың" TeleBingo лотереясына қатысқан Нұр-Сұлтан тұрғыны пәтер жеңіп алды. Бұндай ірі ұтысқа бірінші рет ие болған Владимир Stan.kz тілшісіне алғашқы әсері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

Владимир бес билеттен тұратын TeleBingo және LOTO 6/49 екі түрлі жиынтығын сайт арқылы сатып алған. Айтуынша, лотереяға тұрақты түрде 10-15 мың теңге жұмсайды. Ал TeleBingo лотереясына араға бір тираж салып қатысуды әдетке айналдырғанына біраз уақыт болған. 

“Жасым 42-де. Мамандығым - инженер, мемлекеттік қызметте істеймін. Ірі ұтыс шығады деген ой түсіме де кірмепті. Бірақ билет алатын кезде бәлкім жолым болып қалар деп, әрқашан жақсы хабардан үміттенетінмін. Алайда мұндай болатынын мүлде күтпедім", - дейді ол. 

Ең алғаш Владимирге қуанышты хабарды "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының қызметкері айтқан. Алайда ол сенбей, алаяқтар хабарласып жатыр деп күдіктенгенін жасырмайды. 

"Алаяқтар шығар немесе біреулер әзілдеп айтып тұрған болар деп ойладым. Қазіргі заманда ондайға таңғалмайтын болдық қой. Содан кейін сайтқа кіріп, тираждың видеосын көріп шықтым. Сол жерден билетімнің нөмірі шыққанына көз жеткізген соң, көңілім орнына түсті. Бірақ 100 пайыз сендім деп айта алмаймын. Алайда, бүгін орталыққа келген соң ғана бойымда сенім пайда болды. Құжаттарымды өткіздім", - дейді Владимир. 

Ер адам пәтер ұтқаны жайлы ешкімге айтпаған. Тіпті отбасы мүшелері де бұл қуанышты жаңалықты естімеген екен. 

"Мен оларды алдын ала алаңдатып қойғым келмеді. Алдымен ұтыстың растығына, әзіл емес екеніне көз жеткізіп алуды жөн көрдім. Содан кейін ғана жақындарымды қуантқым келді", – дейді ол. 

Владимир алдағы жоспарлары туралы айта келе пәтер құнына сәйкес келетін лотореядан алған ақшалай ұтысты ипотекалық несиесін жабуға пайдаланатынын жеткізді.

“Бұдан бұрын да TeleBingo-дан 50 мың теңге көлемінде ұтысқа ие болғанмын. Әрі қарай да лотореяға қатысуды жалғастыру ойымда бар. Алда әлі көлік ұтуға талпынамын, бұл  – мүмкін нәрсе. Лотереяға сенбейтіндерге айтарым –  сәттілікке үміттеніңіздер. Лотерея билеті қымбат тұрмайды, ал сәттілік өз иесін табуға тиіс", –  дейді Владимир.

Ер адам лотереялардың LOTO 6/49 деген түрін ұнататынын жеткізді. Себебі ол жерде таңдау өзіңе берілетін көрінеді. 

"Өзіңнің сүйікті цифрларыңды таңдағаннан кейін жеңіске деген үміт одан сайын артады", –  дейді азамат. 

Айта кетейік, жылдың соңына дейін "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы көлік ұтысын жалғастыра бермек. Арнайы ұтысқа қатысу үшін 1 800 теңгеге LOTO 6/49 билетін алу керек. 

Айта кету керек, өткен сәрсенбіде LOTO 6/49 кезекті тиражы барысында Қонаев қаласының тұрғыны бас жүлде иесі атанды. Аты-жөнін атамағанымызды сұраған жеңімпаз, 21 400 000 теңгеге тең ұтысты қайда жұмсайтынын айтты.

"Соңғы кездері үй салуды жоспарлап, күндіз-түні соны ойлап жүрдім. Аяқ-асты қанжығам майланғаннан кейін сол арманымды іске асырамын", - дейді жеңімпаз. 
Лотереяға қатысып жүргеніне он жылға жуық уақыт болған. Осыған дейін мұндай ірі ұтысқа қолы жетпеген көрінеді. Бір қызығы, жолы болып, алдағы уақытта ойдағы үйін салуға қаражат тапқаны жайлы туған-туыс тұрмақ, бала-шағасына да айтпаған екен. 
"Оларды алдын-ала қуантып, алаңдатқым келмейді. Сондықтан, аұша қолыма түскен кезде, әйелім мен екі баламды жинап сол жерде ақшаны алдарына тастаймын. Бастысы қуаныштан жүректері жарылып кетпесе болды", - деп, жеңімпаз көзіне жас алды да, өзге қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр