"Үй алып беремін": Қостанай тұрғыны жалғызбасты әйелдерді төрт миллион теңгеге алдап кеткен
Қостанайлық ер адам жалғызбасты әйелдерді алдап, төрт миллион теңге қаражаттарын алып кеткен. Жігіт өзінің құрбандарын танысу сайттарынан іздеген. Төрт әйел алаяқтың құрығына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
Полицейлердің айтуынша, күдікті ажырасқан әйелдермен сайттарда танысқан. Ол сезім білдіріп, артынша арзан бағада пәсер алуға көмектесемін деп алдаған. Әйелдер арзан пәтер алуға тез келіскен. Ер адам кездесу ұйымдастырып, сатып алушыға құжаттарды беріп, аванстық төлем жасау қажеттігін айтқан. Ақшаны алғаннан кейін жігіт жоғалып кетті.
Алданған әйелдер полицияға арыз жазып, кейін алаяқ ұсталды.
"Әйелдер көбінесе жалғыз қалмау үшін ер адамдармен қарым-қатынас орнату танысады. Бұл жерде алаяқ олардың ажырасқан, бойдақ екенін пайдаланған. Ол алаяқтық бойынша тергелуде”, - деді Қостанай облысы бойынша қылмыстық іздестіру басқармасының анықтаушысы Нина Ахмадеева.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”