Атырау облысында жоғалып кеткен жігіттің денесі Ойыл өзенінен табылды
Атырау облысындағы Тасшағыл ауылында мал іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалған жігіттің денесі Ойыл өзенінен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
21 жастағы жігіт 21 сәуір күні сағат 09:00-де Тасшағыл ауылынан белгісіз бағытқа мал іздеуге шығып кеткен. Содан бері одан еш дерек болмады. Далалық жазықтан табылмаған соң оны Ойыл өзенінен іздеуге шешім қабылданды.
"23 сәуірде сағат 19:00 шамасында өзеннен жоғалған жігіт мініп кеткен аттың өлексесі табылды. Ал, бүгін, 25 сәуірде сағат 09:45-те із-түзсіз кеткен жігіттің мүрдесі өзеннің жағаға жақын тұсынан табылып, судан шығарылды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жоғалған жігітті іздеуге департаменттің 6 қызметкері мен 2 техникасы, оның ішінде 1 жүзу құралы тартылды. Бұған дейін Атырау облысында 21 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Кейін оның аты өзеннен өлі табылған болатын.
Талқылау