AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында белгісіз біреу итті жауыздықпен өлтіріп, ағашқа асып қойған

Алматы облысында итті аяусыз өлтіріп, ағашқа іліп қойған. Оқиға Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің тұрғын үй алаптарының бірінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үй иесінің айтуынша, жануар дәл аулада өлтірілген. Осы кезде ол баласымен бірге үйде болыпты. 

"Күдікті ештеңе естіген жоқпыз. Көршілердің айтуынша, итті тыныш өлтірген. Бейтаныс адамдар болмаған деп ойлаймын.  Өйткені иттер сол кеште үрген жоқ. Менде тағы бір неміс овчаркасы бар, ол бейтаныс адамдарды жібермес еді. Сондықтан оны таныс адам жасаған", - дейді Гүлмира Маликова.

Ол бұл қылмысты бұрынғы күйеуі істеді деп күдіктеніп отыр. Бұған дейін ер адам оған бірнеше рет қысым жасаған. Әйел полицияға арыз жазған. Құқық қорғау органдары күдіктіні тапты.

"Талғар аудандық полициясына Панфилов ауылының тұрғынынан оның итін өлтіру фактісі бойынша арыз келіп түсті. Әйелдің айтуынша, Алматы қаласында тұратын бұрынғы күйеуі итінің аулада өлтірілгені тікелей қатысы бар. 40 жастағы ер адамнан жауап алынып, ӘҚБтК-нің 407-1-бабы ("Жануарларға қатыгездік көрсету") бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр