AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Freedom Finance Bank "7-20-25" бағдарламасы аясында өтініштер қабылдау бойынша көш бастап келеді

2022 жылдан бастап "7-20-25" ипотекасы бойынша өтініш берушілердің 70%-дан астамы Freedom Finance Bank-ты таңдаған. Аталмыш бағдарламаның іске қосылғанына үш жарым жыл болғанын ескерсек, небәрі 2 айда "7-20-25" бойынша банк басқаларына қарағанда әлдеқайда көбірек өтініш жинап үлгерген. 

Мақұлданған ипотекалық қарыздар бойынша Freedom Finance Bank үздіктер қатарында. Сәуір айының ортасында өтініштер бойынша мақұлданған сома 71.2 млрд теңгеге жеткен. Ал бұл өз кезегінде осы жылдың басынан бастап "7-20-25" бойынша барлық мақұлданған несиенің 40%-ына жуық. 

Қазақстанның орнықтылық қорының деректері бойынша, соңғы жарты жылда "7-20-25" бағдарламасы аясында апта сайын 4-4.5 млрд теңге көлемінде несие берілді. "7-20-25" бойынша цифрлық ипотека іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш орта есеппен 6.8 млрд теңгеге дейін ұлғайған. 

Бұл сандар Freedom Finance Bank-тің "7-20-25" бойынша цифрлық ипотеканы іске қосуымен байланысты.

"7-20-25" бағдарламасының операторы ретінде біз үшін ипотекалық кредитті рәсімдеу процесінің азаматтар үшін географиялық тұрғыдан қолжетімді, ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы өте маңызды. Қабылданған өтінімдер статистикасы арқылы біз Freedom Finance Bank цифрлық технологиялары әлеуетті қарыз алушылардың барлық сұраныстарына жауап беретінін көріп отырмыз. Клиент өз уақытын бағалап, максималды түрде ыңғайлы болғанын және несиенің тез рәсімделгенін қалайды. Сондықтан біз нарықта өз қарыз алушыларына осындай опцияларды ұсынатын қаржы институты әрдайым сұранысқа ие болады деп айта аламыз”, ‒ деп нәтижелерді түсіндірді "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдықов. 

Мемлекеттік бағдарламаны цифрландырудың негізгі артықшылығы – жеңілдетілген ипотеканы 24 сағат ішінде қарыз берілгенге дейін онлайн және қағаз құжаттарды жинамай-ақ рәсімдеу мүмкіндігінің болуы. 

“Біз "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасын игеруді белсенді түрде бастап, цифрлық процестер мен сервистердің арқасында қысқа мерзімде жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. ҚФУ басшылығы цифрландыруды қолдап, бағдарламаны осылайша ауқымды және оны қазақстандықтар үшін қолжетімді етуге болатынын түсінді. Оның ішінде процестерді жүйелі тәсілдермен оңтайландыру арқылы постнесиелік сервис бойынша да қызметтер көрсетіледі. Ипотеканың цифрлық платформасы филиалдар желісінің болу-болмауына қарамастан аймақтарда белсенді дамиды. Тұрғындардың орналасқан жеріне қарамай 24/7 онлайн сатып алуға мүмкіндік береді”, –  деді Freedom Finance Bank директорлар Кеңесі Төрағасының кеңесшісі Айдос Жұмағұлов.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 09.02.2021 ж. №1.1.260 лицензия.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр