Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Операциядан бір-ақ шықты: Түркістан облысының полициясы бір жарым жасар сәбидің балабақшада не себепті көптеген жарақат алғанын анықтады

Түркістан облысының полиция департаменті Отырар ауданының балабақшасына барғаннан кейін көптеген жарақат алған бір жарым жасар баланың оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Балабақша әкімшілігінің айтуынша, бала тасқа шалынып құлағаннан кейін жарақат алған. Алайда полиция баланың басқа да себептермен зардап шеккенін мәлімдеді. 

"12 сәуірде сағат 15:00-де Отырар АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған баланың жарақатпен ауруханаға түскені туралы хабарлама келіп түсті. Баланы Шәуілдір ауылындағы балабақшаның жанында көлік соғып кеткеннен кейін, дене жарақатын алғаны анықталды", - деді аймақ полициясы.

Сонымен қатар, өңірлік полицияның баспасөз қызметі бұл фактіні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркегелгенін айтты. Opel автокөлігі айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Айта кетсек, Түркістан облысында балабақшаға барған бір жарым жасар сәбиге шұғыл ота қажет болды. Сәби жамбас сүйегінің сынуы, денесі, басында, тіпті бетінде көптеген сызаттар мен көгерген іздері бар бала ауруханаға жеткізілген. 

Балаға шұғыл операция жасалды, ол шамамен қырық минутқа созылды. Қазір баланың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. 

Зардап шеккен баланың анасы Ажар Пернебек тәрбиешілер әлдене жасырып тұрғанын айтқан болатын. Оқиға таңертең болған, ата-анаға түске дейін оқиға туралы хабарланбаған.

"Балабақшада балам көліктен шыққанда құлап кетті деп өтірік айтып отыр. Олар мені мазақ етіп тұр. Жүргізуші кездесуге келмейді, сұрақтарға жауап бермейді. Маған балабақша директоры келіп, қанша ақша керек екенін сұрап, арыз жазбауымды өтінді. “Жассың ғой, әлі бала туып аласың, арыз жазба” деді. Мен жыл сайын, ай сайын бала туатын мысық немесе итпін бе? Мен бәрібір арыз жазамын, кінәлілерді жазалауды талап етемін", –  деген болатын баланың анасы Ажар Пернебек.

Айнұр Мұхади
Жұма, 15 Сәуір, 2022 16:54
Талқылау