Шымкентте жасөспірім көмірқышқыл газынан уланып көз жұмды
Шымкентте жасөспірім көмірқышқыл газынан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Otyrar.kz" порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 7 сәуір күні кешке "Ынтымақ" шағынаудандағы үйлердің бірінде болған. Жуынатын бөлмеде ауа тазалайтын мұржасы жоқ су жылытқышы орнатылған. Жасөспірім жуыну кезінде газдан уланған болуы мүмкін.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланың көз жұмғанын анықтады. Алдын ала себеп – көміртегі тотығымен улану.
Газ қызметінің мамандары газ құрылғыларын орнату ережелерінің өрескел бұзылғанын анықтады: ванна бөлмесінде ауа шығатын мұржасы жоқ лездік су жылытқышы орнатылған.
Газ қызметінің мамандары газ құрылғыларын орнатуды бейкәсіби адамдарға сенбеуге шақырады. Сонымен қатар газбен жабдықтау ұйымының келісімінсіз қосымша газ жабдығын орнатуға тыйым салынатынын ескертеді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн