AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тимур төрт адамның өмірін құтқаратын болды": Қазақстандық журналист Австралияда көз жұмды

Австралияда тұратын 35 жастағы қазақстандық журналист Тимур Әбдіқадыр 10 сәуір күні ауырып қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

 

Көз жұмғаннан кейін журналистің туыстары оның дене мүшелерін төрт мұқтаж адамға беру туралы келісімге қол қойды.

"Ұшып баруымыз қиын болды, алайда біз Тимурды көріп үлгердік. Балам бізді күтіпті. Алғаш келгенімізде оның дене қызуы қалыпты болды. Бірақ кейін температурасы көтеріліп, жағдайы нашарлай бастады. Кеше ол бақилық болды. Кейін біз келісімге қол қойдық. Тимур төрт адамның өмірін құтқарады. Мүмкін, төрт ана балаларының өлгенін естіп жыламайды", –  дейді анасы Надежда Любушкина.

Сондай-ақ Тимурдың анасы отбасына көмек ретінде үш миллионға жуық қаражат жиналғанын айтып, барлық жанашыр қазақстандықтарға алғысын білдірді. 

"Қазақстандықтардың арқасында мен ұлымды құшақтай алдым", – дейді Тимурдың анасы.

Тимурдың достары қазір қажетті құжаттарды дайындап, оның денесін елге әкелу мәселелерімен айналысуда. 

Айта кетсек, Австралияда қазақстандық журналист Тимур Әбдіқадыр коронавируспен ауырғаннан кейін комаға түскен. Тимур бес жыл бұрын отбасына қаржылық жағынан көмектесу үшін Австралияға кеткен.

Қазақстанда Тимур алдымен журналист, содан кейін диктор, диджей болып жұмыс істеген. Университеттің бірінші курсынан бастап КТК арнасында, одан кейін "Еуропа плюс" радиосында, Love Radio-да, "Еуразия” бірінші арнасында, "31” арнада жұмыс істеген. 

Ол 29 наурыз күні жұмыста кенеттен ауырып, дем алуы қиындап кетеді. Сөйтіп далаға таза ауаға шыққан жерінде құлаған. Сол жерден көргендер жедел жәрдем шақыртады. Дәрігерлер тексергеннен кейін Тимурдың тамырлары жарылып, миына қан құйылып кеткенін айтады. Олар дереу  операция жасау үшін оны мамандандырылған клиникаға жеткізуді жоспарлайды. Алайда оның жағдайы тез нашарлап, операция мүмкін болмайды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр