AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Семейге 354 миллиард бөліп, танымастай өзгерттік”: Даниал Ахметовтің сөзін жұрт желіде қызу талқыға салды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің Семейге бөлінген қаражат туралы айтқаны ғаламторда қызу талқыланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімнің сөзін Facebook парақшасында журналист Қуаныш Рахметоллаұлы жариялады.

Семейге қанша қаржы бөлінгенін Даниал Ахметов облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында айтқан.

"Семей өңіріне шамамен 354 млрд теңге шамасында инвестиция салынғанын атап өткім келеді.Тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуналдық және жол-көлік инфрақұрылымы, білім беру және денсаулық сақтау салаларында бірқатар ірі жобалар іске асырылды. Өзекті экологиялық мәселені шешкен дюкерді жөндеу, елдегі алғашқы Радионуклидтік терапия бөлімшесі бар ядролық медицина орталығын іске қосу, Қарағайлы жаңа шағын ауданын, көп бейінді спорттық-мәдени кешенін салу және әуежайды қайта жаңарту тағы басқалары табысты мысал бола алады. Жылдар бойы мәселелері қордаланған Семей қаласы бүгінде танымастай өзгерді”, — деген Даниал Ахметов.

Алайда әкімнің бұл айтқаны көпшілікке жақпай қалған. 

Ахметов байиды екен ғой! Форбсқа енді келіні кіретін шығар!", "Семейді қалпына келтіру үшін кемі екі миллиард доллар керек", "Өзгерген түгі жоқ. Сол баяғыдай, азып-тозып кеткен Семей", "Мәә, Семейге барып танымай өтіп кетпесек болды", "Адам танымастай өзгерген Семей басқа Қазақстанда шығар", "Өтірікті беті бүлк етпей қалай айтты екен?", — деп түрлі пікірлер жазды желі қолданушылары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр