AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда фармацевт қателігінен уланған баланың жағдайы белгілі болды

Павлодарда фармацевтің қателігінен уланған баланың жағдайы белгілі болды. Бүгінгі таңда дәрігерлер баланың жағдайы жақсы, қанағаттанарлық, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz. порталына сілтеме жасап. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізілген.      

Баланы 11 наурызында педиатр қарап, күніне 2 реттен –  таңертең/кешке "ампициллин" 250 мг тағайындаған. Алайда дәріханада "ампициллиннің" орнына "амитриптилин" берген. 

"Анасының айтуы бойынша, балаға "амитриптилин" 25 мг таблетка берген.  11 наурыз күні  1 таблетка, кешке сағат 23:00-де  2 таблетка және 12 наурыз күні  таңертең 3 таблетка ішкен. Кешке қарай бала әлсіреп,  ұйықтай берген, құсу және  құрысу белгілері байқалмады. Ауруханаға түскен кезде интоксикацияға байланысты жағдайы орташа ауыр болды. Қабылдау бөлімшесінде асқазанды шаю жүргізілді", – дейді басқармада. 

Бүлдіршін 2022 жылы 13-18 наурыз аралығында облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесінде стационарлық ем қабылдаған. 

Еске сала кетейік, қала тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде дәрігер жазып берген рецепт бойынша үш жастағы балаға дәрі-дәрмек сатып алған. Алайда бала дәріні қабылдағаннан кейін өзін нашар сезініп, құса бастаған.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 317-бабы – "медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр