AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғындар мектепті паналауға мәжбүр: Ақтөбе облысында 100-ден аса үй су астында қалды

Ақтөбе облысында жолын су шайып кеткен жеті ауылмен қатынас үзілді. Қандыағаш қаласына баратын көпірді де тасқын бұзып кеткен. Облыс орталығына барып-келу тоқтады. Ақтөбенің өзінде 100-ден аса үй су астында қалып, тұрғындар мектепті паналауға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Аймақ басшылары зардап шеккендердің жайынан хабарсыз. Дәл осы тасқынға жауапты облыс әкімінің орынбасары су басқан ауылдарға баруға асығар емес.

Ақтөбедегі Песчанка өзеніне тек көктемде ылғал жиналып, жаз бойы құрғап жататын. Соңғы 10 жылда бұл жерде су тасымапты. Ал биыл тасқынның қауіпті болғаны сонша, жалғыз көпірді көлік қатынамау үшін жауып тастаған.

Өзен арнасынан асып жағасындағы қос көшедегі үйлерді су басты. Тұрғындар 90-жылдардан бері су бұлай жайылмағанын айтады. Қызыл су үйлеріне лап қойғанда көбісі абдырап қалып, үйінен әрең шығыпты. Ылғалдан дүние-мүліктері түгел бүлініп, техникалары істен шыққан.

“Бәрі бүлінді. Ішке кіре алмай, далаға балаларды көтеріп шығарып, қалаға жеткізіп тастадық. Үйге кіре алмай отырғанымызға үшінші күн”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Елубай Сейітмағанбетов.

Тұрғындар қорадағы тауықтарына дейін қырылып қалғанын айтады.

“Үй суға толып кеткенде құтқарушылар терезеден шығыңдар деді. Есікті ашып қалғанымда су лап қойды. Әрең далаға шығарып алды. Үй ішінің бәрі бүлінді. Қорамдағы тауықтарым қырылып қалды. Енді көмек беретін шығар”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Раиса Шмолкина. 

Песчанка өзені жағасындағы үйлерден бөлек, қаладағы бірнеше ықшамаудан мен саяжайлар суға кетті. Ондағы тұрғындар төрт мектептегі эвакуация орталығын паналап отыр.

“Әрі қарай көмектесетін шығар. Шырылдатып қалдырмайтын шығар, жеті баламен. Жеті баламен үшінші күн болды үйдеміз. Үйдің жағдайын енді айту қиын”, – дейді тұрғындардың бірі Бибігүл Махамбетова.

Үйін су басқан ақтөбеліктерді қолдаусыз қалдырмайтынын айтты қала басшысы. Бюджеттен ақша табылмаса, бизнесмендерден көмек сұрамақшы. 

“ТЖ бойынша бізге негізін бермесе, әрине ,қор құрамыз. Бүгін бизнесмендерді сағат онда жиналды. Қазір кімге көмек көрсету керегін анықтаймыз және көлемі белгілі болғаннан кейін көмек көрсетеміз”, – дейді Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.

Аудандардағы да жағдай да мәз емес. Жолын су шайған жеті ауыл аралда қалғандай күй кешіп отыр. Ол жақпен қатынас тасқынның беті қайтқан соң ғана ретке келтіріледі. Алға ауданында жол жабық, бірақ тасқынның ағысы жай болған кейбір ауылдан тұрғындар жаяу шығып кетіп жатыр.

Аймақтағы ірі қала Қандағашпен облыс орталығына көлік қатынасы үзілді. Ол жаққа баратын республикалық трассадағы көпірді де су шайып, ондаған көлік жолда қалды.

Аймақ басшылары күннің күрт жылынып, тасқыннан қауіп болғанын алдын ала білдік деп отыр. Бірақ неге қамданбағанын айта алмайды. Ал тасқынның алдын алуға жауапты облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұловтың өзі құрғақ кабинетінен шыққысы жоқ. Неше күннен бері су басқан ауылдарға бармағанын, тұрғындармен кездеспегенін мойындады.

“Алдын ала, сәуір басында ауа температурасы бірден жылынып кетеді деген болжам болды. Су тасқыны осылай үлкен қауіп болады деген болжам болды. Тұрғындармен әлі кездескен жоқпын. Бүгін бірінші күн. Оны да жоспарлап, осы ай, осы жеті, осы аптада баруға тиістімін”, – дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов.

Тасқынның алдын алуға облыс бюджетінен 250 миллион теңге қарастырылыпты. Ең қызығы, қызыл судың кесерінен зардап шегіп отырған Байғанин мен Ойыл аудандарына бір тиын бөлінбеген. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр