Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт нацистік концлагерьден аман қалған зейнеткер Харьковтағы үйіне оқ жаудырғанда қаза тапты

Харьковтағы көп қабатты үйді атқан кезде төрт нацистік концлагерьден аман қалған 96 жастағы Борис Романченко қайтыс болды. Бұл туралы Бухенвальд мемориалдық кешені мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Борис Романченко нацизм қылмыстарын еске алу үшін белсенді үгіт жүргізді және Бухенвальд-Дор халықаралық комитетінің вице-президенті болды", — делінген кешен хабарламасында.

Басқыншылардың ату әрекеттерінің салдарынан Гитлердің қуғын-сүргінінен аман қалған азамат пәтерінде тірідей өртенді. Ер адамның өлімі туралы ақпаратты немересі растады.

Қайғылы оқиғадан бір күн өткен соң ғана Харьков коммуналдық қызметтерінің қызметкерлері Борис Романченконың пәтері орналасқан қабатқа жетті. Солтүстік Салтовкадағы тоғыз қабатты ғимараттың бүкіл қабаты жанып кетті. 

Романченко Бухенвальда, Пенемюнде, Дора-Миттельбау және Берген-Бельзен лагерлерінен аман қалған.

 

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 23 Наурыз, 2022 19:12
Талқылау