Есін жиған жоқ: Оралда анасы эскалатордан құлатып алған сәби шетінеп кетті
Оралда дәрігерлер жергілікті Asia Mall сауда орталығында анасы эскалатордан түсіріп алған тоғыз айлық қыздың шетінеп кеткенін хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, екінші қабаттан құлаған сәби бірден қалалық көп салалы ауруханаға жатқызылды. Баланың жағдайы аса ауыр деп бағаланды. Жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Қыз балаға ауруханада қан құйылды.
"19 наурызда бала есін жимай көз жұмды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға 13 наурыз күні болған. Эскалатормен көтеріліп келе жатқан 35 жастағы әйел баланы қолына ұстай алмай, 4-5 метр биіктіктен құлатып алды. Оқиғаның видеосы желіде пайда болды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді