AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жауап алған": Шымкент тұрғыны тергеуден кейін суицид жасады

Шымкент қаласының тұрғыны Гүлжаухар Сапарбекованың күйеуі Нұртайдан қаңтардың ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеуге шақырған. Осыдан кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

Гүлжаухар Сапарбекова екі айдан бері салық саласында жұмыс істеген жұбайы Нұртайдың өзіне қол жұмсауына не себеп болғанын анықтауға тырысып жатыр. 

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күйеуінен қаңтардың ортасында жауап алған.

"Жауап алғаннан бес сағаттан кейін күйеуімді тани алмай қалдым. Гестапоға барғандай дауысы шықпай қалған, еңсесі түсіп кеткен. Оның айтуынша, олар қандай да бір операция жүргізетіндерін айтқан, күйеуім қандай да бір бастықты ұстау үшін қол қойған. Содан кейін олар үнемі хабарласып, үйге де келді", – дейді Гүлжаухар Сапарбекова. 

Алайда қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Мемлекеттік кірістер комитеті Нұртай Сапарбековтің мемлекеттік кіріс органдарының қызметкері болмағанын хабарлайды", – делінген салық органының хабарламасында.

Содан кейін бұл ақпаратқа қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пікір білдірді.

"Кейбір БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жауап алғаннан кейін салық инспекциясының қызметкері Нұртай Сапарбеков суицид жасады деген ақпарат тарап жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің іс жүргізуінде осы азаматқа қатысты қылмыстық іс болмағанын хабарлаймыз", – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Айта кетсек, Шымкент қаласының құқық қорғау органдары іске қатысты "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"25 қаңтарда Абай полиция басқармасының 102 пультіне жергілікті тұрғын өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Суицид фактісі ҚР ҚК 105-бабы "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды. Полицейлер барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізді. Қорытынды процессуалдық шешім қабылдау үшін іс 18 ақпанда Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жолданды", –  деді Шымкент қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр