"Шекесі күннен-күнге ісініп барады": Қауіпті дертке шалдыққан алматылық жеткіншектің анасы көмек сұрайды
13 жастағы алматылық жеткіншектің қауіпті кеселмен күресіп жатқанына жылдан асты. Александра Кардаковаға ольфакторлық нейробластома деген диагноз қойылған. Анасы қызын емдету үшін қазақстандықтардын көмек сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
Бұл – ісіктің сирек кездесетін түрі. Тек шетелдік дәрігерлер ғана жасай алатын отаға 500 мың доллар қажет.
Қызының ауруға шалдыққанын жақындары бірден аңғармаған. Александраның басы жиі ауыра бастаған соң тексерістен өткен. Дәрігерлер қорқынышты диагнозды айтқанда төбесіне жай түскендей болған.
Бірден басына трепанация жасап, ісіктің көзін құртуға тырысқан. Химиотерапияның 6 курсын өткенімен, жағдайы бәрібір оңалмады. Дерт терең дендеген. Жеткіншек үйден шыға алмай төсекке танылып жатыр. Сабаққа да баруын қойды. Күніне ондаған дәрі ішуге мәжбүр. Қалыпты өмірге қайта келуі үшін қымбат операция жасалуға тиіс.
Александраның әкесі қайтыс болған. Жалғыз анасы баланың тағдырына бейжай қарамайтын мейірімді адамдардан 500 мың доллар жинауға көмек сұрайды.
“Қызымның шекесі күннен-күнге ісініп үлкейіп барады. Басындағы ісіктің кесірі енді мойнына да жайылды. Әлсіз, орнынан тұруға шамасы жоқ. Осыған дейін көңілді, белсенді болып жүрген қызымның дәретханаға әзер жүріп баратынын ойласам жүрегім қарс айырылады. Қиналғаннан кейде шыдамай, пышақты алып ісікті кесем дейді. Барлық қазақстандықтардан көмек сұраймын! Қажет соманы жинауға қол ұштарыңызды созсаңыздар”, – дейді қыздың анасы Елена Кардакова.
Елена Кардакова
+7 771 460 8619
Halyk 6244 4544 6028 3535
Каспий 5169 4971 1328 5344