Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан үкіметі дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрды

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен үкімет жанынан дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол Ресей Федерациясына санкциялар пакетін енгізуге және олардың Қазақстан экономикасына ықпалына байланысты экономика мен бизнесте туындайтын проблемалық мәселелерді қарастырып, шешетін болады.

Жедел штабтың құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, бизнес-қоғамдастық өкілдері мен сала мамандары кірді.

Жұмысқа отандық бизнестің басқа өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы да қатыса алады.
Бүгін жедел штабтың алғашқы отырысы өтті. Көлік-логистика, мердігерлер арасындағы өзара есеп айырысу, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 02 Наурыз, 2022 19:54
Талқылау